"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие сағаты: "Абай –дана, Абай-дара қазақта! "

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай –дана, Абай-дара қазақта! "

Тәрбие сағатының мақсаты:
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу

Сынып: 3А

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу

Көрнекілігі:  Абай портреті,  шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар.

Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, музыка

Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.

Ән тындау. «Желсіз түнде жарық ай»

Балалар, кімнің әнін тыңдадық?

Тақырыпты таныстыру,мақсатын қою.

 Мұғалімнің кіріспе сөзі

- Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі  - Абайды оқығандар, екіншісі – Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер – Абайды оқымағандар»деген екен.

- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?

Оқушылар жауабы:

- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен,қарасөздерімен танысып жатырмыз.

- Біз кішкентай кезімізден бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеміз.

- Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абайдың аты мен Абайдың сөзі әрдайым халықтың  аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ар- ұжданы болып қала береді.

 

1-оқушы:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?   

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?

2-оқушы:

 Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

  Талабын тас қияға өрлеткен кім?

  Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

   Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

3-оқушы:

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

 Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке ,

  Біздермен осы күнгі тілдескен кім?     

Біздің топ  Абайдың әлеміне, Абайдың  кемел ойларына саяхаттайды.

Мұғалім:

Біреулерге болғанменен айдала,
Басын иіп тәу етеді бар дана.
Ұлы Абайды дүниеге әкелген,
Құдіретіңнен айналайын, сардала- дегендей, дана,дара Абайдың туған жері туралы не білесіңдер?

Алибек :- Ұлы ақын 1845 жылы 10 тамызда – табиғаты тамаша Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.

Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.

Олжас: Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасындаСемейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.

Абай – ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған адам.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай ата.

Раимбек: 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.

Мұғалім: Біз абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз,өмірімен таныстық

Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. Сонымен Абай аталарыңның қандай өлеңдерін білесіңдер?

«Құлақтан кіріп бойды алар»«- «Ғылым таппай мақтанба»

«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы» «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»

 «Әсемпаз болма әрнеге»

«Балалық өлді, білдің бе?» « Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»

Мұғалім: Балалар, Абай Құнанбаевті сонымен қатар аудармашы деп те айтамыз.Аудармашылығы туралы не айтасыздар?

Олжас: Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай ауылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.

Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар.

 Алибек: Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды.

Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған

Қазір біз И. А. Крыловтың «Қарға мен Түлкі» мысалын тыңдап көрейік.

Қарға мен түлкі (И. А. Крыловтан)

Жұрт біледі, күледі, 

Сұрқия тілдің жаманын,

Қошеметшілердің амалын.

Сонда да солар қайда жоқ?

Ептеп айтса, ересің,

Артынан өкінсең де пайда жоқ.

Ірімшікті Құдайым

Кез қылды бір күн қарғаға.

Алып ұшып барды да,

Қонды бір биік ағашқа.

Үлкен олжа емес пе

Ірімшік деген қарны ашқа?

Бір жеп алып, шүкірлік

Қылайын деп аллаға,

Тұмсығында ірімшік,

Ойланып қарап тұр еді,

Бір қу түлкі сорына

Жақын жерде жүр еді,

Ішіне сақтап қулығын,

Ептеп барып барлайды,

Бұлғақтатып құйрығын,

Қарғаның көзін алдайды.

Тәтті тілмен, тәтті үнмен

Сөйлесуге айналды:

"Қарағым, не еткен сұлу ең!"-

Деп таңырқап таңданды,-

"Не еткен мойын, не еткен көз,

Осыдан артық дейсің бе

Ертегі қылып айтқан сөз?

Қалайша біткен, япырмай,

Мұрныңыз бен жүніңіз!

Періштенің үніндей

Деп ойлаймын үніңіз.

Осы көрікпен, Бұл жүнмен,

Әншілігің белгілі,

Ұялмай, қалқам, бір сайра,

Біз де алалық үлгіні.

Құс төресі біздерге

Сіз боларсыз бір күні".

Басы айналды қарғаның

Сұмның айтқан сөзіне.

Қуанғаннан бөртініп,

Бір мастық кірді өзіне.

Өзіне біткен өңешін

Аямастан қарқ етті,

Ірімшік жерге салп етті,

Іс бітті, қу кетті

Мұғалім: Сонымен балалар, Абайды тағы қандай қырынан көріп отырмыз?

Абай аудармашы

Сіздер ,Абай аталарыңыздың қай қырын байқадыңыздар?

Раимбек: Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына.

ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.

Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны  да рас,  бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол,  пайдаң да мол, бірақ залалың да мол,  кейде  жақсылықты  берік ұстап,  кейде жамандықты берік ұстап  кетесің, соның жаман, - депті.

-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе   табылмайтұғыны   да   рас.   Жаратқан   тәңіріні   де   сен   танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті.  Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден  қуып  шығарады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп  кітаптың айтқаны осы, — депті.

 

Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз?

Абай – ойшыл.

Алибек: Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған.

2- оқушыӨзі де бірнеше ән шығарған. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем,Қаламқас»,  «Сегіз аяқ»

Яғни ,Абай –сазгер.

Түйіндеу. Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсам:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

Қасиетті қара сөздерінен ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық.

Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар беруші, ақыл қосушы.

 

Жаңартылған күні: 01.02.2021 19:08
Құрылған күні: 01.02.2021 19:08

Текст