Ата-анаға кеңес.
Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты-баланың,жеке ерекшелігін,психикалық процестрін ескере отырып,жарасымды жетілген ұрпақты тәрбилеу .Аталған нысанаға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді
-Отбасында баланың өсіп жетілінуіне ,денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту, бекіту.Тазалық дағдыларын қалыптастыру.
-Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы,үй шарушылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне- өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.
-Оқудың, білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.
-Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.
-Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
-Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.
Бақылау, тексеру, бағалау.
-Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т.б. баулу.
-Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.
Адам баласы-өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсада болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берілген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіпті жоғары оқу орындарымен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Мұндай надандылықтың адамдарға тарттыратын азабыда аз емес. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып,азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.
Психологиялық көмектің бағыттары.
Бала атаулының бойында біртіндеп қалыптасатын невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімі де сорақы лыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанда білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартысына енді келген сәбилер үшін, бұл аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе үлкендер тарапынан болатын дөкерде дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары-осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.
Екінші бағыт-тез арада ата-аналар мен балалар тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмекті айтуға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасы жөнінде түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын-кітаптардан, кинофильмдерден-тереңдей талдап көрсету арқылы. Ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.
Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң және жедел күресу керек. Әрине, бұл жағдай ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.
Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек:
бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру
(мысалы, «Сен ойнай білмейсің», «сен дұрыс сөйлей алмайсың» деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, бұдан былай оған сөйлеудің де, ойнаудың да қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.
Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне терісте зілді баға беру мен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, «Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың» деудің әсерімен, баланың жан дүниесін әбден жаралауға болады. Сондықтан да, баланың іс-әрекетін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қаблетін тұтылдыру мен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да каяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігіненде жиреніп кетуі мүмкін. Ол алдындағы армандарын да сенімдерін де жоғалта бастайды.
Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жағдайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.