Ғаламтор балаларға несімен қауіпті?
Ғаламторда әр түрлі тақырыпқа мәліметті алуға болады. Сондықтан да бейтаныс адамдардан, әр түрлі қажет емес және де балалардың психикасын бұзатын мәліметтерден балаларды қорғау керек.
Өйткені балалар өз ой санасына байланысты, сонымен қатар көп нәрселерді білмегендіктен, адамның кім және қандай екенін түсінбейді. Ал, ата-аналар осыны назарынан тастамау керек.
Ата-аналарға кеңес!
- Балаға ғаламтор туралы дұрыс түсіндіру, және де біз одан қажетті мәліметті алғанымен, көп қажетті емес мәліметті кездесе аламыз. Ғаламторға, және де онда кездесетін адамдарға сенуге болмайтынын түсіндіріп, ескертуіміз жөн болады. Сенетін адамдар, олар сенің достарын, ата-аналар, мұғалімдер екенін айту.
- Планшетпен, телефонмен жұмыс жасаған уақытынды дұрыс пайдалану керек екенін ұмытпау. Қандай сайттарды қарап шығуға болатынын, қандай болмайтынын дұрыс түсіндіріп, айтыңыздар. Ең біріншіден ғаламторда біз қажетті мәліметті алуға пайдаланамыз, ал, одан кейін оны демалуға және достарымен қарым-қатынас жасау үшін.
Және де міндетті түрде, түрлі ойындар мен бағдарламалар ата-аналармен бірге ақылдасып, қойылады.
- Планшет немесе телефонмен пайдалану уақытына шектеу қою. Күнделікті өмірінде бастауыш сыныптарға ғаламтор қажет емес.
- Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге тыйым салу. Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлесуге болмайтыны сияқты болу керек!
- Ғаламторда қалай өзінді ұстау керек екенін күн сайын үйрету.
- Баланың ғаламторда өткізген уақытын міндетті түрде «ата-аналар бақылауымен» жүргізу, қадағалау. Және де әрине осынын бәрін балаға дұрыс түсіндіру керектігін ұмытпаңыздар. Сіздің осыған құқығыңыз бар екенін ескерту.