Сынып сағаты
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
Оқушыларды Отансүйгіштік, адамгершілік, халқына адал қызмет ету, елінің рәміздерін қастерлеу қасиеттері арқылы сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығына тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалім кіріспесі.
3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.
4. Ой талқы
5. Тау тұлғалар
6.Қорытынды видеокөрсетілім
Кіріспе бөлім:
Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?
Оқушыларға рәміздер туралы кластер жасау тапсырылады.
1 топ- елтаңба
2 топ- ту
3 топ- әр ұран
Оқушылар топта жасалған жұмыстарын өздері таныстырып өтеді.
Жұмысты толықтыру үшін слайд көрсетіледі
1-3 слайд. Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой - пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.
Осы орайда оқушылар млайдтан алған білімдері арқылы өздері жасаған кластерді толықтыруға мүмкіндік алады.
4 слайд. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық
Ой талқы. Елбасымыздың сөзін оқып, талқылау тапсырылады
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»
Н. Ә. Назарбаев.
Тау тұлғалдар:
ҚР Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.
ҚР әнұранының авторлары Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Мұғалім:. Жалпылама Қазақстан туралы білімдеріңді жинақтайсыңдар балалар
1. ҚР тәуелсіздікті қай жылы алды?
2. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталады?
3. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? 4. Еліміздің жер көлемі
5. Қазақстанда қанша облыс бар? 6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
7. ҚР - сы неше мемлекетпен шектеседі? 8. ҚР - ның тұңғыш президенті кім?
9.. ҚР - ның жаңа Астанасы қай жылы бекітілді? 10. ҚР - ның рәміздерін атаңыз
Қорытынды видеокөрсетілім
Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз. Сынып жетекшісі: Надирова С.И.