«Тіл – халықтың тірі жаны» атты ойын түрінде өткізілген викторина бойынша ақпарат.
Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай
«Тіл – халықтың тірі жаны» атты ойын түрінде викторина өтті. Мақсаты: балаларға ана тіліне де, басқа тілдерге де ұқыпты қарауды, ана орыс тіліне деген мақтаныш сезімін, ата-бабаларына, халқына, мәдениетіне қатыстылық сезімін қалыптастыру, патриоттық, толеранттылыққа тәрбиелеу, дамыту.
Іс-шара барысында қазақ тілінде Отан, тіл туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер оқылды. Қатысушылар екі командаға бөлініп, «Қателер патшалығы", «Демалуға бір сәт», «Жанкүйерлер», «Ақылды достар» конкурстарына белсенді қатысты. Викторинаға 5-8 сынып оқушылары қатысты.

Тіл апталығына орай «Мемлекеттік тіл –менің тілім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстан халқының мемлекеттік тілінің дамуына ықпал ету және өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне құрмет көрсету. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілді жетік білу – үлкен жетістік екенін білу. Кітапхана қорындағы тіл туралы кітаптарды насихаттау. Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», «Қазақша үйренейік», мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу құралдар және тағы басқа кітаптар қойылып оқырмандарға таныстырылды.
