"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандык таңдау бойынша окушылар мен ата-аналарға арналған жадынама.

Мамандык таңдау бойынша окушылар мен ата-аналарға арналған жадынама.

Құрметті ата- аналар!

Мамандық таңдауда мынадай ережелерді   есте сақтаған жөн:

 

Мамандық тандау — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық тандай отырып алдымен баланың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарау керек, содан кейін барып жанұялық салтпен санасуға болады.

  1. Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.
  2. Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);
  3. Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс;
  4. Таңдаған мамандықты зерттеу;
  5. Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;
  6. Мамандық туралы жетік білмеу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеледі. Оның соңы таңдаған мамандығы өзіне ұнамай, жұмыс орнын жиі өзгертуге әкеліп соқтырады.осы жағдайға байланысты ата-аналарға  төмендігі жадынама ұсынғым келеді.
  7. Баланың өз қалауымен мамандық таңдауына мүмкіндік беру;
  8. Баланың өзі таңдаған мамандықтың  пайдасы мен кері әсерлерін бірлесе шешуге тырысу;
  9. Болашақ мамандықты таңдау кезінде материалдық жағынан пайдасы мол  мамандықтарды ғана емес, сонымен қатар  моральдық сезімдерді қанағаттандыратын  мамандықтарды да қарастыру;
  10. Егер мамандық таңдау кезінде баланы эмоционалдық қысымға алмау;
  11. Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы.  Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық.

Осы орайда балаға ата- ана тарапынан берілген қолдау өте орында болады.

 

Құрметті оқушы!

Мамандық таңдау - өміріңдегі қиын және жауапты қадам.  Болашақ мамандығыңды мұқият таңдау қажет. Кәсіпқой мамандардың ақпараттарын пайдалан. Мамандықты ойланып, қабілетіңді ескеріп таңдау қажет.

 

Осы мақсатта:

 

1. Өзіңді терең зерттеп, қызығушылықтарыңды, мінезіңдегі ерекшеліктерді, мүмкіндіктеріңді анықта (сені не қызықтырады, қандай мамандық ұнайды).

2. Өзіңнің күшті және әлсіз жақтарыңды ойла.

3. Өзіңнің қызығушылықтарың мен қабілетіңе сай келетін мамандытармен таныс. Көбірек кітап, мақалалар мен журналдар  оқы. Алдын ала таңдаған мамандықты немесе соған ұқсас мамандықтарды белгілеп қой.

4. Таңдаған мамандықты алып шығуға болатын оқу орнымен таныс. 

5. Сен таңдаған мамандықтың өміршеңдігіне және сенің ортаңа сай болуына көңіл бөл. 

6. Таңдап алған мамандықтың сипатымен өзіңнің жеке қасиеттеріңді салыстырып көр. 

7. Шешім қабылдар алдын ата- анаңмен немесе басқа да жанашырыңмен ойыңды бөліс.

8. Шешім қабылдаған болсаң, қиындықтардан мойыма. Алға қойған мақсатқа жету үшін табандылық таныт. 

 

Жаңартылған күні: 01.02.2021 12:54
Құрылған күні: 01.02.2021 12:54

Текст