Менің Отаным - Қазақстан!
Менің Отаным - тәуелсіз Қазақстан. Ол күннен - күнге гүлденіп, өркендеп келе жатқан мемлекет. Менің Отаным өте бай мемлекет. Өндіріс орындары, қазба байлықтары, орман, сулары көп. Қазақстанда әртүрлі ұлттар тату-тәтті тұрады. Келешекте білім алуға шетелге барсам, өз елімді, жерімді, туған ауылымды арқа тұтып, мақтаныш етіп, сағынатын боламын.
Қай жерде жүрсең де өз еліңнің тілін, дінін, дәстүрін ұмытпау әр қазақ баласының парызы деп ойлаймын. Қазақ еліне, жеріне, тіліне кір келтірмеу үшін қазірден білім жинап, спортпен, өнермен айнаклысамын, көп кітап оқимын. Болашақта өз Отаныма адал қызмет еткім келеді. Себебі мен Отанымды жақсы көремін, сүйемін,құрмет тұтамын, мақтан етемін.Отаным жайнай бер, гүлдене бер!
Тәуелсіз мәңгі елім бар
Көз жетпес байтақ жерім бар
Тәуелсіз мәңгі елім бар.
Еліме қорған болатын
Қол бастар ксем ерім бар.
Қазақстан
Қазақстан- еліміз бен даламыз,
Біз бақытты балдырғанбыз, баламыз.
Келешегін оның гүлдендіруге
Барын арнар біз азамат боламыз.
4 сынып оқушысы Пазылқан Дінмұхамет