Тақырыбы: «Мен және менің отбасым»
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Түрі: Ой бөлісу. Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттері:барлығына сүйіспеншілікпен қарау Көрнекілігі: суреттер, бейнебаян: «Отбасы құндылығы» Мұғалім: Құрметті оқушылар отбасы күніне орай өткелі отырған «Мен және менің отбасым» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер. -Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Жауап: «Менің жанұям» ,«Отбасы». -Ол мемлекет қандай болуы мүмкін? Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі. І. Кіріспе сөз
Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. «Отбасым» әні. Хормен орындайды. Келесі кезекте «Ашық микрофон» өтеді. Мұнда оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады.
Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Сен қандай отбасын армандайсың?
5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
Мұғалім: Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Дінмұхамет: Анаң-күнің жүрегің,
Әкең -өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әжең- асыл ардағың,
Атаң- дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Ағаң –қамқор асқарың,
Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын
Бейнебаян «Отбасы құндылығы»
1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?
2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?
3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз? Қорытынды: Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Осымен біздің сынып сағатымыз өз мәресіне жетті.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар.