Әңгіме-сабақ «Сүйіспеншілік үшін өмір сүру»
Сабақ тақырыбы: «Сүйіспеншілік үшін өмір сүру»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Тәртіп, тазалық, татулық.
Ортақ мақсат:
Риясыз сүйіспеншілікпен ғана өмір мәнді болатынын оқушыларға ұғындыру
Оқу нәтижесі:
Оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән- мағынасын түсіндіру;
Жақсылыққа ұмтылу, пейіл мен ниет тазалығы, адалдық, сенім, мейірімділік, адамгершілік туралы мәліметтерді алады.
Оқушыларды өз Отанын, жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге түсініктері кеңейеді.
Дәйек сөз:
Махаббатпен жаратқан адамзатты. Абай сөзі
1.Ұйымдастыру. Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын көру. Оқушыларды түгендеу
2.Тыныштық сәті Көзімізді жұмамыз әуен арқылы кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз. Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!
Адамзатты аялаған ақ арман.
Барлық ғалам махаббаттан жаралған,
Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.
Махаббаттың тоймай ішіп дәміне.
Адамзаттың таумай айтар әні ме?
Өзіңді де, өзгені алсан,
Жете аласын махаббаттың мәніне.
3.Пікірлесу Махаббат адам өміріне, оның айналасындағына әсері қандай?
«Махаббатсыз өмір бос» деген пікірмен келісесіз бе?
4.Мәтінмен жұмыс: Абайдың романынан үзінді оқып,талдау ұсынылады.
Мәтін бойынша сұрақтар қойылады:
1.Қайрат ақыл, жүрек үшеуінің дауласуының себебі неде деп ойлайсыз?
2.Сіз қайсысын жақтар едіңіз? Неліктен?
5. Шығаршашылық тапсырма: «Риясыз сүйіспеншілік» тақырыбында
Отанға деген сүйіспеншілік,ата-ана бала арасындағы махаббаты
Шығармашылық тапсырмада «Риясыз сүйіспеншілік» тақырыбында постер қорғау топ болып.
Тыныштық сәтінде Махаббат әнін қосылып шырқау
Сабақтың соңында Формат тобының Махаббат әнін шырқау
