"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Интеграцияланған сабақ жоспары Қазақстан тарихы 7-8сынып

16.01.2020

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А

Отарлау және ұлт-азаттық  күрес

Мектеп:

 

Сағат саны: 1

Күні: 13.01.2020

 

Мұғалімнің аты-жөні: Надирова С.И .

 

Сынып: 7-8

 

Қатысқандар саны:7

Қатыспағандар саны:1

Сабақ тақырыбы

XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың  ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары

Алғашқы сабақ (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

 

7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

 

Сабақтың мақсаты

 

     Орта Азия хандықтарының үстемдігіне қарсы Жанқожа мен Есет батыр бастаған азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды

Сүйіспеншілік ЖАҚ арқылы елін сүюге, туған жер үшін еңбек етуге және тарихи тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу

Бағалау

критерийлері

 

 

 

Білу және түсіну- Орта Азия хандықтарының  оңтүстік  Қазақстан  аумағын  жаулау себептері мен мақсаттарын анықтайды

 

Сыни ойлау мен  талдау –Сыр мен  Арал маңы қазақтары көтерілістерінің себебін,  мақсатын, сипатын,  барысын, нәтижесін талдайды

 

Синтез-  Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарын жаулап алуы мен олардың үстемдігіне қарсы болған көтерілістер себептерін нақтылайды

 

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар

    Орта Азия хандықтары экспансиясына қарсы бағытталған Сыр мен Арал маңы қазақтарының азаттық көтерілісі туралы зерттеулерді талдайды  (оқылым, айтылым, жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Хиуа, Қоқан, экспансия,  тархан, ұшыр, зекет

 Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Сыр бойы мен Арал маңы қазақтары көтерілісінің себептері...

Көтерілістің  мақсаты...

Көтеріліс барысындағы басты оқиға...

Көтерілістің нәтижесі...

Жанқожа мен Есет батыр бастаған көтерілістің ерекшелігі...

Құндылықтарды дарыту

-патриотизм/ patriotism

-Көшбасшылық / leadership

-Бостандық / freedom                      

- өз елі үшін мақтаныш/ proude of their country

Пәнаралық байланыстар

        Дүниежүзі тарихы, география, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

   1837-47 жылдары болған Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс кезінде Орта Азия хандықтарына қарсы қимылдардың болғаны және неліктен болғаны туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

           

 

          1-5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен сабақты қорытындылай келе мақалдың мағынасын ашу тапсырылады

«Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса алдындағы кетеді»

Ауызбіршілік, достық, бірлік, тәуелсіздік ұғымдарын жаңа сабақпен байланыстырып сабақты бастаймын.

 

 

  • БЫМ.  (Б) Ой шақыру.

  Тақтадан  «Тарихи даталар сөйлейді» әдісі арқылы  сабақ тақырыбын анықтау.

 

  • Мен не көріп тұрмын?

  -Мен қандай қорытынды жасаймын?

 -Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?

 

     Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

 

М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары  таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.

 

 

Тарихи концепт:  Себеп және салдар

 

Презентация

 

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

3-том. –   Алматы, 2010.

 

«XVIII-ХІХ ғғ Қазақстан» картасы

 

Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.

 

8 сынып. Қазақстан тарихы., Атамұра, 2012 ж.

Сабақтың ортасы

 5-10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10-30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

       

 

     

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

            

          

     

       

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

        30-35 мин

 

           

 

 

 

 

         

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

36-37 мин

   Зерттеу сұрағы: Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?

 

        (М) Оқушыларға  XVIII ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның саяси картасы көрсетіледі. «Орта Азия елдерімен Қазақстан арасында қандай байланыс болуы мүмкін?» деген сұрақ қойылып, болжам жауаптары алынады.

    «Мықты ел екі әлсіз елдерді жаулап алу үшін оларды бір-біріне айдап салып әлсіреген кезде жаулап алады» деген Ф.Энгельстың пікірі ұсынылып, берілген цитатаның мағынасы ашылады. Бұл пікірді «Қазақстанмен байланыстырып және қандай елдерге қатысты айтуға болады?» деген жетелеуші сұрақтар  қойып, сыныптық талқылау ұйымдастырылады.

 

Зертеу мен талдау

 

(Б/Т)  1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

   Оқушыларға тақырып мазмұнын ашатын мәтін таратылады. Оқушылар мәтінмен танысып, мәтінді талдау тапсырмасын орындайды. Кесте толтырылып болғаннан кейін, кестедегі сұрақ мазмұны бойынша жауап беру ұйымдастырылады.

 

1-топ. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы   Орта Азия хандықтарының экспанциясы

 

Оңтүстік Қазақстан аумағында Орта Азия хандықтарының қай мемлекеттері үстемдік жүргізді?

 

Орта Азия хандықтары оңтүстік Қазақстанда қандай мақсат көздеді?

 

Оңтүстік Қазақстан аумағында Орта Азия хандықтары қандай бекіністер тұрғызды?

 

Орта Азия хандықтары оңтүстік Қазақстан қазақтарына қандай озбырлық саясат жүргізді?

 

Орта Азия хандықтары экспансиясы-

ның қандай зардаптары болды?

 

 

Дескрипторы:

- Оңтүстік Қазақстан аумағын басып алған Орта Азия хандықтарын атайды;

- Орта Азия хандықтарының қазақтарға қатысты мақсатын анықтайды;

- Орта Азия хандықтарының Оңтүстік Қазақстан аумағында салған бекіністерін атайды;

- Орта Азия хандықтарының оңтүстік Қазақстандағы қазақтарға жүргізген озбырлық саясатын сипаттайды;

- Орта Азия хандықтары экспансиясының зардаптарын түсіндіреді

 

2-топ.  Жаңқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Көтеріліс болған уақыт аралығы?

 

Көтерілістің  қамтыған  аймақтары?

 

Көтерілістің қозғаушы күштері?

 

Көтеріліс барысындағы басты оқиға?

 

Көтерілістің нәтижесі қалай аяқталды?

 

Менің көзқарасым

 

 

Дескрипторы:

-Жаңқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің болған уақытын біледі;

- Көтеріліс болған аймақтарды атайды;

- Көтерілістің қозғаушы күштерін анықтайды;

-Көтеріліс барысындағы басты оқиғаны сипаттайды;

- Көтерілістің нәтижесін түсіндіреді;

- Тарихи оқиғаға қатысты жеке көзқарасын білдіреді

 

         3-топ.  Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс.

Көтеріліс  болған  уақыт аралығы?

 

Көтерілістің  қамтыған  аймақтары?

 

Көтерілістің қозғаушы күштері?

 

Көтеріліс барысындағы басты оқиға?

 

Көтерілістің нәтижесі қалай аяқталды?

 

Менің көзқарасым

 

Дескрипторы:

- Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің болған уақытын біледі;

- Көтеріліс болған аймақтарды атайды;

- Көтерілістің қозғаушы күштерін анықтайды;

-Көтеріліс барысындағы басты оқиғаны сипаттайды;

- Көтерілістің нәтижесін түсіндіреді;

- Тарихи оқиғаға қатысты жеке көзқарасын білдіреді

 

Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы

   

Интерпретация.

 

  «Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?» деген зерттеу сұрағына қайта оралып, сыныптық талқылау жүргізіледі.

Т  Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейгенін дәлелдеп, ой-түйіндеу үшін келесі тапсырма ұсынылады. Әр топ оқушылары төмендегі тұжырым бойынша 1 дәлел беруі тиіс. Топтардың  жауабы сынып алдында тыңдалады.

 

 

2-тапсырма.  «Ой-түйіндеу»

 

Үлгі:

  Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді, оның дәлелі....  .... .... .... .... .... .... .... ....

Оның бірінші дәлелі.  ....   ....  ....  ....   ....   ...

Оның екінші  дәлелі.  ....   ....  ....  ....   ....   ...

Оның үшінші дәлелі.  ....   ....  ....  ....   ....   ...

Сондықтан, бұл аймақтарда ....   ....  ....  ....   ....   ...және ....   ....  ....  ....   ....   ...бастаған ....  ...  .....   ...   ...  ....  ..... жылдары болды.

 

Дескриптор:

-Жауап құрылымын сауатты құрайды;

-Дәйекпен дәлелдеп, жауапты дұрыс береді.

Тұлғалар туралы деректер оқылады

   «Жанқожа Үш жүздің ең атақты батыр-билерінің бірінен саналады. Ол қазақ тәуелсіздігі үшін күрескер ретінде орысты да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да, тіпті хандардың өзін де мойындаған жоқ»                                                                       

                                                                        (М.Тынышбаев)

 

  «Халқым, барлығына да ризамын. 15 жасымнан атқа қонып, елімді қорғадым. Жайықтан қонысыма еш дұшпанымды өткізген жоқпын. Енді міне, өмірден өтер күнде таяған сыңайлы. Мені жерлейтін кезде басымды құбылаға қаратпасаңыздар екен. Аяғым батысқа, басым шығысқа қаратылса деп сұраймын. Бізді табанына басқысы келген мынау Ресей патша залымдары мен қан құмарларын табаныммен тіреп жатсам деймін»          

 (Е.Көтібарұлы)

Қазақ елінің азаттығы үшін жан қиған осындай ерлердің ерен еңбегімен келген тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біз бен сіздің азаматтық парызымыз.

 

   

 

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=3104

https://www.zharar.com/kz/referat/4220-jankoja.html

© www.ZHARAR.com

 

 

https://www.zharar.com/kz/referat/4231-eset.html

© www.ZHARAR.com

 

 

 

Қосымша-1

Таратпа-мәтіндер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша-2

Таратпа-кестелер

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Қосымша-3

 

Көмекші сөз жазылған парақша немесе слаидқа жазып қою

Сабақтың соңы

 

 

 

 

   37-40 мин

Рефлексия

Топтық жұмыста бағалау парағы ұйымдастырылады. 

 

 

Үй тапсырмасы:

Өткен материалды оқып, пысықтау.

 

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Сыныптағы оқушылардың барлығының деңгейі шамалас болғандықтан тапсырмаларды түгел орындады.

Тапсырма: көтерілістер туралы жан- жақты ақпарат жаза отырып кестені толтырады.

Қолдану: Мәтіндегі бос орындарды толтырып, тарихи дәлел жазады

Ресурс: интербелсенді тақта қолданылады

 

Үй жұмысы: мәтінді оқып сұрақтарға жауап жазуды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

  Сабақ мақсаты шынайы, қолжетімді болды.Барлық оқушылар  Орта Азия хандықтарының үстемдігіне қарсы Жанқожа мен Есет батыр бастаған азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдады.

Сабақтың ортасында мәтінмен  жұмыс жасау барысында уақытты көбірек шығындап , оқушылардың кері байланысына уақыт жетпей қалды. Сабақ жоспарын іске асыруда айтарлықтай ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Өткен сабақтарды қайталауда оқушылар өз білімдерін көрсете алды.

2: Жаңа сабақты  оқушылар оңай  меңгерді.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:  Уақытты үнемді пайдалану.

2: Кері байланысты жандандыру.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

           

 

 

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 16.01.2020 09:12
Құрылған күні: 16.01.2020 09:12

Текст