"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» тәрбие сағаты 4 сынып

 

Мақсаты«1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Көрнекілігі: слайдты презентациялар, үнтаспа, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, гүлдер, «Көшбасшы жолы»киносынан үзінді.

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттері:барлығына сүйіспеншілікпен қарау

Барысы: Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.(Әнұран қосылады)

Мұғалім: Құрметті орталық тәрбиеленушілері және ұстаздар! Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр.Осыған орай біз де «Елін сүйген  Елбасы» тақырыбында викторина сағатын өткізгелі отырмыз.

- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1-желтоқсанда аталып отыр?

(1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп сайланды)

Мұғалім:

Бар әлемге шын танылдық міне,біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

 

Ал енді бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы «Көшбасшы жолы»киносынан үзінді тамашалайық

Мұғалім: Ал енді  оқушыларға кезек берейік.

Е.Али:

Қазағымның туын тіккен — Елбасы,
Ұл-қызынан үміт күткен — Елбасы,
Қазақ елін аялаған — Елбасы,
Қиындықта сая болған — Елбасы.

Мерей:

Нұр ағамыз нұрындай боп қазақтын,
Нұр сыйлаған көк тәіңірім ғажапсың.
Нұрын шашып жібергенде Елбасым,
Ізі қалмай кетеді бастан кешкен азаптың.

Қалдырмай әрбір ауыл,әр ошақты,
Өшпейтін бұл өмірдің шамын жақты.
Айқындап көз алдына әкеп отыр,
Тап басып тамыршыдай болашақты.

К. Али:

Менің тұңғыш Президентім – мақтаным
Ес білгеннен есімін оның жаттады
Елбасының саясаты арқасы –
Оңнан туса бүгін менің ақ таңым

 

Дінмұхамет:

Қадамы мықты елміз алға басқан,
Сондықтан кем болмаймыз бақ-ырыстан.
Ап шықты Елбасымыз жолын тауып
Кешегі төніп келген дағдарыстан.

Бойында күш-жігерін аяп қалмай,
Оятқан елімізді таң аттырмай.
Нұрсұлтан бұл ғасырдың ғұламасы,
Ап шыққан жұрт соңында шаң қаптырмай.

Фатима:

Жақсының айтады ел жақсы атын,
Тұнық боп тұмасынан басталатын.
Елінің ертеңіне көз жіберген,
Талмасын,Қыран Бүркіт,қос қанатың!

МұғалімКелесі кезекте Президент күні атты слайд  тамашалаңыздар!

Мұғалім:

Ал, енді викториналық сұрақтарға жауап беріп көрейік:

1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? Ол қашан, қай жерде туды? (1940 жылы, 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында)

2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы еңбек жолын қайда бастады? (1960 жылы Теміртау қаласындағы металлургия тресінде жұмысшы болып бастады)

3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1991 жылы 1-желтоқсанда)

4. Біздің еліміз қашан тәуелсіздігін алды? (1991 жылы 16-желтоқсанда)

5. Астана қаласының тұсаукесері қашан болды? (10-маусым 1998 жылы)

6. Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай жеке еңбектері бар? («Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы жыл»)

7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Елтаңба,Әнұран,Ту)

8. Ту мен Елтаңбаға сипаттама беріңдер. (Елтаңбада шаңырақ, қос тұлпар бейнесі, бес жұлдыз, «Қазақстан» сөзі бар. Туда қыран, күн, қазақтың ою өрнегі бар).

9. Әнұран қашан қабылданды? (2006 жылы 7-қаңтарда)

10. Авторы кімдер? (Әні Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі)

Топтық жұмыс:Елбасы туралы газет қиындысын таңдап алып,бір-біріне сұрақ қою.

Мұғалім

Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді, ақылды, өзінің ұстанған саясаты бар Нұрсұлтан Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салдық. Президент біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз, мақтай да аламыз.

Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп,татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді. Сондықтан егемендігіміз баянды болып, халқымыз аман, ел жұртымыз тыныш болсын !                                                                                   «Көк тудың желбірегені» әнін хормен шырқайды.

Жаңартылған күні: 08.12.2020 08:32
Құрылған күні: 08.12.2020 08:32

Текст