Бөлім: |
Менің отбасым және достарым |
|||||
Педагогтің аты-жөні |
Оспанова Баян Балташевна |
|||||
Мектеп: |
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі» КММ |
|||||
Күні: |
18.10.2022ж |
|||||
Сынып:2 |
Қатысушылар саны: 4 |
Қатыспағандар саны: 0 |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Дауыссыз к мен г. Достық - ұлы туымыз |
|||||
Оқу бағдарла- масына сәйкес оқыту мақсаттары |
2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; 2.4.1.3 дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, үнді, ұяң) ажырату және дауыссыз к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу; 2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлемдерді пайдаланып, мәтін құрастыру; 2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу; 2.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету және құраған сөйлемін толықтыру |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Тыңдаған мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды. Дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, үнді, ұяң) ажыратып және дауыссыз к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазады. Мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді пайдаланып, қарапайым мәтін құрастырады. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады. Жіберілген қателерді тауып, түзетеді. |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Басы (2 мин) |
Психологиялық жағымды ахуал орнату. (Ұжымдық) Әр күніміз біздің Сәттілікке толсын! Армысың асыл күн, Армысың досым!
Ұйымдастыру кезеңі Сабақ мақсатын хабарлау. |
Хормен бір біріне қарап айтады |
|
|
||
Ортасы (4 мин) |
Достық – ұлы туымыз Дос, бауыр көп, Тілегі бір, Әли Ысқабаев 1. Өлеңнің тақырыбына қарап, оның не туралы екенін болжа (бір сөзбен). Мысалы: достық. Өлеңді мәнерлеп оқиды. 2. Өлеңдегі тірек сөздер (екі сөзбен). Мысалы: достық, Отан немесе т.б. 3. Өлеңдегі негізгі ойды анықта. Мысалы: Отанымызда тыныш, тату өмір сүру немесе т.б. Өлең туралы пікірің қандай? Өз ойларын айтады.
Көркем жазу минуты К-г, есік-есігі, бесік-бесігі.
Сергіту сәті Берілген сөздерге к немесе г әрпін қой (Ұжымдық) Үйре..., Түл...і, ...үл, ....лобус, Дәрі.....ер, Кере.....е, Ше....е, Мез....іл, Күре....., бірлі..., Тіле...і, Жүре...і, Сері...
(Үйрек, Түлкі, Гүл, Глобус, Дәрігер, Кереге, Шеге, Мезгіл, Күрек, Бірлік, Тілегі, Жүрегі, Серік)
Дескриптор:
Онлайн мектеп платформасында жұмыс жасау (жеке) 1 тапсырма: Тиісті сөзді қой. Г – (ұяң, қатаң, үнді) дауыссыз дыбыс.
2 тапсырма: Сөйлемді мұқият оқы. Түсіп қалған (к/г) әріптерді орнына қой. Айгүлдің көйле (к/г)і әдемі.
3 тапсырма: «Гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасалған. Оларды сәйкестендір Г Дауысты жіңішке дыбыс Ү Дауыссыз үнді дыбыс Л Дауыссыз ұяң дыбыс.
4 тапсырма: Сөйлемді оқып, көп нүктелердің орнына дұрыс жазылған сөзді қой. Әсет әкесі екеуі (көлікге, көлікке, гөліке, көлікіне) отырды. Дескриптор:
|
Өлеңді мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтайды. Қарамен жазылған сөздерді талдайды.
Көркем жазады
Тақтаға шығып орындайды
Тапсырмаларды орындайды |
Қолдау көрсету. Мадақтау
«Бес саусақ» әдісі арқылы өздерін бағалайды
Бір-бірінің жұмысын өзара тексеріп, қатені табу және түзету
Қолдау көрсету. Мадақтау
|
Оқулық, сұрақтар
Слайд
Ойын-тапсырма
Компьютер, онлайн мектеп платформасы |
||
|
||||||
1 мин
1 мин
4 мин
|
||||||
Соңы (4 мин)
2 мин |
Сабақты бекіту және саралау Саралау тапсырмаларын орындату (жеке) Шығармашылық үзіліс 1-деңгей. Бос торкөздерге тиісті әріптерді қойып, мақалды оқы. К дыбысына аяқталған сөздерді тауып, і дыбысын қосып жаз. Өзгерген сөзбен 1 сөйлем құрап айт. 2-деңгей. Бос торкөздерге тиісті әріптерді қойып, мақалды оқы. К дыбысына аяқталған сөздерді тауып, і дыбысын қосып жаз. Мақалдың мағынасын түсіндір.
Дескриптор:
Үй тапсырмасы: 45 тапсырма 59 бет Сөздерді топтастырып жазады
Рефлексия «Табыс сатысы» әдісі .
|
Саралау тапсырмаларын орындайды.
Сабақтан меңгергендеріне кері байланыс жасайды. |
Бірін-бірі бағалайды.
Өзін-өзі бағалайды. |
Саралау тапсырмалары
Оқулық
«Табыс сатысы» |
||