«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының
авторы С.А.Назарбаеваның қоғамдық қызметіне арналған Жалпыреспубликалық
ашық сабақ
3-4 сыныптар
Тақырыбы: Сүйіспеншілік – өмір негізі
Сабақтың мақсаты:
Адамдардың іс-әрекеттері арқылы оқушылардың Сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін тереңдету.
Сабақтың мақсаты:
- сүйіспеншілік өмірдің негізі болу себептерін ашу;
- әлемге жанқиярлықпен қызмет ету дағдыларын дамыту;
- мейірімділік сезімін тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы С.Назарбаеваның портреті, бейнероликтер, презентациялар, өзін-өзі тану онкүндігінде орындалған оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
- Балалар, мен тағы да өзін-өзі тану сабағында қауышқанымызға өте қуаныштымын. Мен сіздерді сүйіспеншілік елі деп аталатын әдемі патшалыққа кезекті сапарға шақырамын (музыка естіледі). Қаласаңыз, көзіңізді жұма аласыз.
Сиқырлы ағаштар өсетін, керемет гүлдер гүлдейтін, ертегідей жануарлар өмір сүретін әсем елді елестетіп көріңіз. Бұл патшалықта күн ерекше жарқырайды. Бұл Сүйіспеншілік Күні (үзіліс). Бұл патшалықтағы барлық адамдар бір-бірін жақсы көреді. Табиғат Ана патшалықтың әр тұрғынын жақсы көреді.
Адамдар табиғатқа деген сүйіспеншілігін сыйлайды (үзіліс). Құстар сүйіспеншілік әндерін айтады, балалар ата-аналарды, ата-аналар балаларды жақсы көреді (үзіліс). Барлық адамдар үшін сүйіспеншілік жүректе тұрады. Бұл патшалықтағылардың бәрі жақсы: құстар, жануарлар, өсімдіктер, күн және жұлдыздар. Ең бастысы, бұл патшалықтың барлық адамдары үшін өте жақсы (үзіліс). Біз сүюдің қаншалықты жақсы екенін, бүкіл әлемге сүйіспеншілік сыйлаудың қаншалықты жақсы екенін сезінеміз (үзіліс). Бұл сезімдерді есіңізде сақтаңыз (үзіліс). Осындай керемет сезімдер бізде мәңгі қалсын (үзіліс).
Талқылау
- Саяхат сізге ұнады ма?
- Әдемі патшалықта көргендеріңіз есіңізде ме?
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Тақырыпқа кіріспе
- Сіздің ойыңызша, сабақта не туралы сөйлесеміз? (Сүйіспеншілік жайлы).
Біздің сабақтың тақырыбы: «Сүйіспеншілік - өмірдің негізі». «Сүйіспеншілік» сөзін жиі естиміз, айтамыз. Бұл не екенін өзімізге және достарымызға түсіндіруге тырысайық.
- «Сүйіспеншілік» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? (Қуаныш, отбасы, бөлісу дағдылары, достар, түсіністік, сүйіспеншілік, өзара көмек ...)
- Оны сипаттауға тырысыңыз (бақытты, ұзақ, нәзік, мейірімді, адал, күшті, ем ...)
- Ал кімді немесе нені жақсы көруге болады? (Отбасы, туған жер, достар, табиғат, спорт, өнер ...)
3. Позитивті ұлағатты сөз (дәйексөз)
Өзіңізді жан-жағынан ашу әр адам үшін маңызды!
С.А.Назарбаева
Дәйексөздің мазмұны бойынша әңгімелесу:
- Балалар, өзін жан-жақты ашу деген нені білдіреді? Адам өзінің бойында нені ашады? (мінездің жағымды қасиеттері, мейірімділік, Сүіспеншілік және т.б.)
- Сүіспеншілік біздің өміріміздің негізі деп айтуға бола ма? Неге? (Ия, біз Сүіспеншілік өмірдің негізі деп айта аламыз, өйткені сүіспеншілік бізбен бірге келеді, жақын адамдар бізді жақсы көреді, мейірімділікке және жақсы істерді жасауға үйретеді т.б.)
- Өз сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіз? (сөздер, іс-әрекеттер, істер, игі істер, жақсы ойлар және т.б.)
- Неліктен жүрек сүйіспеншіліктің қайнар көзі?
Қорытынды: Сүйетін адамның жүрегінде оның жолын жарықтандыратын, жақсылық жасауға көмектесетін, бақытты болуға көмектесетін нұр бар.
4. Әгіме баяндау (әңгіме)
Ұшқын бала
Элеонора Константиновна Киселева
Әлемде кішкене ыстық от ұшқыны өмір сүрді. Ол шынымен де, ұл болғысы келді, сондықтан оның екі епті қолы, екі күшті аяғы, екі көзі, бір сөзбен айтқанда бәрі жігіттік қасиетіне сай болуын қалайды. Сиқыршы оны кішкентай балаға айналдырды (от ұшқыны оны бала етуіне өтінген еді), бірақ Ұшқын бала басқа ұлдардан өзгеше болады, егер ол суға түссе, ол сөнеді, содан кейін ол жерде бала да, жарық та болмайды.
Сөйтіп кішкентай Ұшқын бала көптеген балалар тұратын үлкен және көңілді үйде пайда болды. Ол жылдам жүгірді, биіктіктен секірді, бірдеңе жасаған кезде от ұшқыны айналасына жарқырап тұрды. Балалармен тату болды. Олар әрқашан балалармен бірге болды, тек өзенде жүзу үшін Ұшқын бала бірге бармайтын.
Бірде Ұшқын бала өзен жағасында жалғыз қалады.
Ол күнге, өзенге, ағаштарға, шөптерге күлімдеп қарап, баяу келе жатты.
Кенеттен ол бір баланың суға батып бара жатқанын байқады. Оның басы судың үстінде әрең көрініп, толқындар оның бетіне түсіп тұрғанын байқады.
Не істеу керек?
Ұшқын бала сиқыршының сөзін есіне түсірді: «Егер сен суға түсіп кетсең сенің жарығың сөнеді, сол кезде бала да болмайды, жарық та болмайды». Бірақ ол сөздерді есіне түсірсе же суға секіріп түсті. Батып бара жатқан баланы ұспат үлгерді.
Содан кейін ол әлсірей бастағанын, аяқ-қолдары мойынсұнбайтынын және көздері көрмейтінін сезінді. Соңғы күштерін жинап жүзіп келеді. Міне, жағаға да жетті. Баланы жағаға шығарды. Өзі де шықты. Жағаға шықты да, өшіп қалды. Құмда тек қана қара шоқтар жатыр – ол, өшіп кеткен Ұшқын еді.
Мұның бәрін биік аспаннан Күн көрді. Айқын, әділ Күн. Ол өзінің барлық сәулелерін бір күшті, жанды және ыстық сәулеге жинап, оны өшкен Ұшқын балаға бағыттап, қайтадан дарықтандырды.
Бірақ ол қайта бала болмаса да, ол енді кішкентай ұшқын емес, ол мейірімді және батыл жүрегі бар үлкен Отқа айналды.
Сұрақтар:
1. Неліктен кішкентай Ұшқын бала өзінің мәңгілікке өшіп қалатынын білсе де, белгісіз баланы құтқару үшін суға секірді?
2. Күн оны қалай жарықтандырды?
3. Неліктен жүрек адам сүйіспеншілігінің негізгі қайнар көзі болып табылады?
4. Біреудің басқа адамдарға деген сүйіспеншілігін риясыз көрсететіні туралы мысал келтіре аласыз ба?
Оқушылар өз балаларының бақыты үшін жұмыс істейтін ата-аналары туралы сөйлесе алады; соғысқа қатысқан ата-әжелер, қазір немерелеріне көмектесетіндер, қоғам қайраткерлері туралы және т.б.
Оқушыларға «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушысы және президенті, «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева, Аружан Сайын (қайырымдылық қорының директоры), Дәурен Алтаев (өртеніп жатқан пәтерден 4 баланы құтқарған) туралы ақпарат беру.
Аружан Сайын (қайырымдылық қорының директоры), 2006 жылы «Милосердие» ерікті қоғам қайырымдылық қорын басқарады, Қазақстандық "Центр Тяжести" форум қатысушыларының қатысуымен құрылған, әлі күнге дейін жұмыс істейді.
Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.
Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда.
Сара Алпысқызы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.
Ол «Өзін - өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.
Жалпылау
- Біздің әрқайсымыздың өмірімізде қарым-қатынас жасайтын, бізге қуаныш сыйлайтын адамдар бар. Біз олардан мейірімділікті, даналықты үйренеміз. Басқа адамды өзіңді жақсы көретіндей жақсы көріп, өзімізге жақсы қарым-қатынас жасасақ өзгеге де сондай жақсы қарым қатыс жасау - бұл адамның қадір-қасиеті. Өзін-өзі тануды зерттей отырып, біз сүйіспеншілік пен мейірімділік жолына түсеміз.
Шығармашылық жұмыс «Сүйіспеншілік гүлі»
Мұғалім:
- Ал, балалар, мен сендердің топтарда жұмыстарыңды талқылап, әлемге, айналаңдағы адамдарға, табиғатқа деген сүйіспеншілігіңді көрсететін игі істердің презентациясын жасауларыңды қалаймын.
(Оқушылар бірнеше минут бойы айтылғанды талқылап, содан кейін шығып, әр түрлі игі істер жазылған кластерді жасайды. Мұғалімнің міндеті - оқушыларға сүйіспеншілік игі істерден көрінетіндігін жеткізу, ол игі істерді адам айналасындағылардың және әлемнің мүддесі үшін риясыз жасайтындығын ұғындыру.
5.Топпен ән айту
Ән тыңдау кезінде бейнеролик көру.
Әнді орындамас бұрын оқушыларға Сара Алпысқызы Назарбаеваның еліміздің жас ұрпағын қалыптастырудағы үлкен рөлі туралы еске салу. Ол балалардың әрқайсысы үшін алаңдайды, ол бақытты, ол бәрін жақсы көреді. Бұл сүйіспеншілік оның балаларға таңғажайып нысан - өзін-өзі тану, өз-өзіне сенуге, өмір сүруге және қуанышпен оқуға мүмкіндік беретіндігінде көрінді. Сондықтан халық оны «Сара апа» деп атайды. Сапа Алпысқызы - барлық қазақстандық балалардың анасы.
Ал, балалар, сендердің орталарыңда сендерге өзінің сүйіспеншілігін риясыз беретін, әр жағдайда қастарыңнан табылатын, сендерді қамқорлыққа алып, игі істерді үйрететін адам бар ма? Ол кім? (Оқушыларды әңгімеге тарту)
Мама
Бота Бейсенова
1.Жүрегінің бір бөлігін бөліп беріп,
Мына жарық дүниеден өмір беріп,
Бесігімде тербеп мені әнге салған,
Сол бір асыл жан.
қ-сы:
Ақ сүт беріп аяладың, мама,
Жан шуағын аямадың, мама.
Қанатыңды саяладым, мама.
Қандай әсем күлгенің.
Ай қабағың таңдай ашық, мама.
Папамызда саған ғашық, мама.
Ортамызда қандай бақыт, мама,
Аман есен жүргенің.
2. Маған деген шексіз оның махаббаты,
Ақылшы, дос, биік таудай парасаты.
Шаңырақтың алтын күні сияқтанған,
сол бір асыл жан.
3. Үлкен болып өссем дағы мен бұл күні,
Аңсап жүрем 'ботақаным' деген үнін.
Бұл әлемде бәрінен де кымбат маған,
Сол бір асыл жан.
Сабақты қорытындылау кезеңі
қуатқа ие. Сүйіспеншілік тек жақын адамдарыңызға ғана емес, сонымен бірге сізден алыста жүргендерге, басқа қалада немесе планетаның басқа жағында тұратындарға да берілуі мүмкін, өйткені сүйіспеншіліктің шекарасы жоқ, өйткені Сүйіспеншілік - өмірдің қуатты және ұлы күші.
Сүйіспеншілік- әлемді жарықтандыратын жарық. Осы жарықтан адамдар өздерін жайлы және жылы сезінеді. Жүректері қуанады. Адамдар ән айтады, бір-біріне жылы сөздер айтады. Сүйіспеншілік - бұл адамның өмірін ерекше мәнге толтыратын сезім. Сүйіспеншілікке толы адам мейірімді болады. Жүрегіңіздегі сүйіспеншілікті сезініңіз. Осы сүйіспеншілік нұрын өзіңіздің жақындарыңызға жіберіңіз. Олар сіздің сүйіспеншілігіңізді сезінсін, бұл оларды жылулықпен жылытады.