Оспанова Баян Балташевна
Зеренді ауданы әкімдігінің
«Пухальск негізгі мектебі»
КММ бастауыш сынып мұғалімі
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектеп пәндері бойынша сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім жүйесінің
стратегиялық мақсаты берген білімді, дағдыларды меңгеретін,
бәсекелестік қабілеті мол, шығармашылық бағытта жұмыс істей
алатын, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен
ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар
жасау болып табылатыны бәрімізге мәлім.
Оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын
жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, тақырып бойынша
материалдардың берілуі осы мақсаттың орындалуына сай келетіндей
болуы керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау
үшін олардың дербес ойлауына ықпал жасау қажет. Неге сыни ойлау табысты тіршілік әрекеті болып табылады? Себебі, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Бұл технология – оқу мен үйренуге арналған құрылғы. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндік алады. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы қазіргі уақытта мұғалімдер қажет ететін басты технологиялардың бірі деп ойлаймын. Сыни тұрғысынан ойлауды мектепте қолдану маңызды рөл атқарады. Ол – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл. Сыни тұрғыдан ойлау моделі көңіл бөлуге тұрарлықтай, өйткені жобаның негізінде жатқан өзгеріс үлгісі түрлі мәдениеттің ішіндегі мыңдаған кластардағы шынай және ұзақ елеулі өзгерістің қозғаушы күші ретінде дәлелденіп отыр. Көптеген мектептерде өзгерістің тиімді үлгісінің жоқтығынан олар алға жылжи алмай келгенде сыни ойлау мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді. Ал сыни тұрғыдан ойлау сынып үшін маңыздылығы қызығушылығын оятып, олардың сыни ойлауын дамытады. Оқушылардың бойында бақылау, талдау, интерпретация, қорытынды жасау дағдылары қалыптасады, ізденушілік қабілеті артады, өзара талдайды, ынтымақтасқан түрде жұмыс жасай біледі, оқуға деген ынтасы артады. Мұғалімдердің және келешекте оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыту көзқарасында өз пәнін оқыту жолдары, әдістері мен нысандары туралы кәсіби ойлауының қалыптасуына бағытталған курс ретінде қолға алынып отыр. Бұл бағдарламаның басты мақсаты стратегияларды үйретуге қарағанда, стратегиялардың сабағымызда қойылған мәселені нәтижелі шешу қажеттілігі. Сондай-ақ бұрынғыдай мұғалім түсіндірмейді, тек бағыт береді. Ал оқушы өзі ізденеді және сабақ үстінде тақырыпты бір-біріне түсіндіреді. Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін бастауыш сынып балаларымен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек.
Өз сыныбымен сабақ барысында мына мақсатпен жұмыс жасадым. Сыни ойлаудың қандай түрлерін қолдануға болады? Сыни ойлау - өзідік ойлау. Сыни ойлау–сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.
Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.
Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.
Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.
Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет.
Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының сыни тұрғыдан ойлауы, қиялдауы, сана-сезімі өседі, нақты біліммен қаруланады. Өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білу іскерлігі мен дағдылары дамиды. Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші роль атқарады.
Осы орайда, мен олимпиадаға оқушыларды дайындаудағы өзіндік іс-тәжірибемді ортаға салғым келеді.
Олимпиада резервтерімен жұмыс оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс.
Ең алдымен мектеп бағдарламсы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге тиіс;
Бастауыш сынып курсы бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдаулар жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек.
Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын сыни тұрғыдан білдіруге үйренуі қажет.
Осындай бағыттарда жұмыс жүргізіп, оқушылардың сыни ойлау ерекшеліктерін ескере отырып бастауыш сыныптар бойынша өз тәжірибемнен өткізген пәндік олимпиаданың тапсырмаларын ұсынығым келеді.
Бастауыш сынып оқушылардың негізгі пәндері бойынша білім деңгейін, қалыптасқан таным түсінік, логикалық, аналитикалық ойлау шеберліктері мен мәселені қорытып, жүйелі түрде саралай білудегі жүйріктік, алғырлық, тапқырлық, т.б. тұрғысынан өз замандастары арасында бәсекеге қабілеттілік, сыни ойлау дағдыларын шыңдау керек деген мақсатымды басшылыққа ала отыра, олимпиада тапсырмаларын түрлендіріп беру қажет деп ойлаймын.
Оқушыларды олимпадаға дайындауда қосымша әдебиеттерді тиімді таңдай білген жөн. Өз тәжірибемнен алынған тапсырмаларды ұсына отырып, олардың тиімділігін, түрлілігін көрсете аламын. Осындай тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлауы, жан-жақтылығы артады деген ойдамын.
Мысалы
Сынып, пән |
Тапсырма
|
1 сынып, сауат ашу |
Не бірінші? Сөздерді мұқият оқы. Олардың ретін цифрмен жазып көрсет а) тауық, жұмыртқа, балапан; ... ... ... б) көйлек, мақта, мата, жіп; ... ... ... ... ә) қаймақ, сүт, май; ... ... ... в) нан, бидай, ұн. ... ... ... |
2 сынып, математика |
Қожанасыр берілген тапсырманың жауаптарын асығыс жазып шықты. Оның жіберген қатесін тауып, қорша. Қатені түзе. 200 + 500 = 700 700 – 400 = 200 600 + 100 = 700 800 – 400 = 400 600 + 300 = 1000 1000 – 400 = 60 |
3 сынып, дүниетану |
Осы түсініктерді топтарға бөл. Көмір, көбелек, құм, солтүстік, акула, оңтүстік, мұнай, шығыс, түлкі. |
4 сынып, қазақ тілі |
Мына өзің білетін өлең, ән шумақтарындағы жолдарды толықтырып жаз. Ол өлең мен әннің атын, авторын есіңе түсір. Мен білемін... Желсіз..................... . ...........................апамның ............................. , ...............................................қыдырып. ...........................киімді, денелі, ..................................................................................... . Оқысаңыз,....................................... , .............................. шырақ ...................................... . |
Сыни ойлайтын адам проблеманы шешуде өзіндік жолын тауып, бұл шешімді нанымды және дәйекті дәлелдермен негіздейді. Ол бұған қоса бұл проблеманың басқа да шешімдері болуын ескеріп, өзі таңдаған шешімнің басқалардан гөрі санаға қонымды және тиімді екендігін дәлелдеуге тырысады.
Қорыта келгенде, білімді ұрпақ - Қазақстанның ертеңі мен болашағы. Ал, жас ұрпақты жан-жақты терең білімді жеке тұлға етіп тәрбиелеу біздің ұстаздар қауымының алдына қойылған ауыр жүк. Сондықтан, қиындығы мен қызығы мол осынау ұстаздық еңбек жолында мен барша ұстаздар қауымына тек қана шығармашылық табыстар тілеймін.
Пайдаланылған әдебиеттер