Оқу-тәрбие үдерісіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын
интеграциялау жұмысы бойынша
2018-2019 оқу жылының 1-жартыжылдығы бойынша есеп
Рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының Президенті Сара Назарбаеваның «Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» - дегендей «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Еліміздің дамуын, болашақ ұрпақты ізгілікке бағыттайтын жаңа қадамы «Өзін-өзі тану», жобасын дүниеге әкелуі, оны мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асыруы құнды да қажетті іс. Пәннің ерекшелігі – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі дүниесін, өзгені танып, білуі болып табылады.
Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани -адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі.
Мектебімізде оқу-тәрбие үрдісінде Өзін-өзі тану пәнін интеграциялаға байланысты жұмыстар екінші жыл жүргізіліп келеді. Осы күні 19 мұғалімнің ішінен Өзін-өзі тану пәнінен 11 мұғалім біліктілігін арттырды. Ал пән мұғалімі ретінде 6 мұғалім қызмет етеді.
№ |
Мұғалімнің ТАӘ |
Білімі |
Қызметі |
Біліктілікті арттыру |
Курс өткен жері |
1 |
Алеева Найля Зарифовна |
Жоғары, Киров атындағы ҚМУ “Биология ижәне химия”, 1981-1986 ж |
Химия, биология, өзін-өзі тану пәні мұғалімі, 2 санат |
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының педагог мамандардың біліктілігін арттыру курсы: «Сыныптың біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» |
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, Алматы қаласы |
2 |
Сатанова Диана Кенжебековна |
Жоғары, “Көкше” Академиясы “Педагогика және психология”, 2009-2012 жыл |
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі, 2 санат |
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері |
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2017ж |
3 |
Дюсембина Айдана Есымгалиевна |
Жоғары – Абая атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ. «Бастауыш білім берудің педагогикасы және әдістемесі» 2014-2016 ж |
Бастауыш сынып мұғалімі, Педагог эксперт, 2018ж |
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері |
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, Алматы қаласы, 2018ж |
4 |
Дюсембина Алия Есымгалиевна |
Арнайы орта, Щучинск қазасының педагогикалық колледжі “Бастауыш білім беру”, 2011 – 2015ж |
Бастауыш сынып мұғалімі, Педагог модератор 2018ж |
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері |
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы
Курс Щучье қаласында өткізілді, 2018ж |
5 |
Тасмагамбетова Айнаш Каирбаевна |
Жоғары, Ш.Уалиханов атындағы педагогикалық университет «қазақ тілі мен әдебиеті» 2001-2004 ж |
Бастауыш сынып мұғалімі, Педагог модератор 2018ж |
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері |
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы
Курс Щучье қаласында өткізілді, 2018ж |
6 |
Оспанова Баян Балташевна |
Жоғары, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті “Бастауыш білім берудің педагогикасы және әдістемесі”, 2006-2009 жыл |
Бастауыш сынып мұғалімі, Педагог эксперт, 2018ж |
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері |
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2016ж |
Оқу жылының басынан бастап бағдарламаның басты бағыттары бойынша жасалатын жұмыс түрлері оқу-тәрбие жоспарына енгізілді. Оқу жоспарлары, мұғалімдердің тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары бекітілді. Табиғи-гуманитарлық және математикалық бағыттарда факультатив сабақтары енгізілді. Вариативтік бөлімнен Өзін-өзі танудан 5-6 сыныптарға арналған факультатив сабағына берілді. Сабақ аптасына екі рет өткізіледі.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі бекітілген жұмыс оспары бойынша жұмыс жасайды. Жоспар бойынша оқу жылының басынан бастап 2 отырыс өткізілді. Тақырыптары:
1 отырыс: Ұйымдастырушылық. ӘБ жұмысының жоспарын бекіту. Мұғалімдердің ТҚЖ қарастырып бекіту.
2 отырыс: Шебер сынып: «Ертегі әлемі арқылы халықтық дәстүрге ену мектепке дейінгі жастағы балалардың эстетикалық сезімін қалыптастыру механизмі».
2. Өзін-өзі тану сабағында замануи технологияларды енгізу арқылы оқушылардың құзіреттілігін арттыру.
3. Пәндерді өзін-өзі тану пәнінің элементтерін кіріктіріп оқыту – сәттіліктің кілті.
Білім беру пәндерінің оқу мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау жұмыстары пән мұғалімдерімен жүргізіледі. Жаратылыстану және математикалық циклінің пәндерін атап айтсақ, барлық пән мұғалімдері өз пәндерінің тақырып-күнтізбелік жоспарларына өзін-өзі тану пәнін интеграциялауға байланысты 5 құндылықты енгізді. Пән мұғалімдері 1 айдың 1 сабағын интеграцияланған түрде өткізеді. Алынға құндылықты ескере отырып сабақ жоспарларын жасайды және қажетті көрнекі материалдарын әзірлейді.
Оқу жылының басынан бастап мектепішілік бақылау жоспарына байланысты сабақтарға қатыстық. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің әдістемелік біліктілігі қалыпты деңгейде. Танымдық қызығушылықты дамытуға байланысты елеулі жұмыстар жүргізілген: сабақта эмоцияналдық жағдай жасалған, мұғалім оқушылардың интелектуалдық белсенділігін ояту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Әрбір сабақтарда балалардың өтілген материалдардың мазмұнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтуде бейне материалдарды қолдана білді. Оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылған жұмыстар сәтті шықты. Оқушылар сабақта мұғаліммен қарым-қатынаста еркін, өз ойларын ашық айта біледі, проблемалық жағдаяттарды талқылауға ынталы. Әйтсе де, жоспар жасау және сабақ өткізу кезінде сыныптың даярлық деңгейін ескере отырып, уақытты ұтымды түрде бөлу, оның көлемі мен оңтайлы түрде қолданылуын ойластыру шарт.Сабақта оқушылардың бір-бірін тыңдай білу қабілеттерін дамытуға көңіл бөле білу және оқушылардың дәптермен жұмыс жасай білуіне көңіл бөлу қажет екені айтылып, ұсыныстар айтылды.
Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани -адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі.