"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әңгімелесу «Қиянат жасамау»

17.01.2020

Әңгімелесу «Қиянат жасамау»

Мақсаты:

Оқушының өмірлік айқындамасын анықтауы; түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуі; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге қиянат жасамау.;

Міндеті:

  • өзін танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
  • күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде қиянат жасамай белсенділік таныту.

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттері: әрқашан көмектес, ешкімді ренжітпеу 

Тақырыптың өзектілігі:

  • «Қиянат жасамау»ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
  • Болашақта адамгершілікті басты назарда ұстайтын азаматтардың көп болуы;

 Негізгі бөлім

 

Қиянат жасамау қағидаттары

  Өзіңе қатысты қиянат  жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат.

  Жаман сөз есту – құлаққа қиянат.

  Жамандық көру – көзге қиянат.

  Жаман иіс – мұрынға қиянат.

  Жаман әрекет – тәнге қиянат.

 

Қиянат жасаудың себептері

  Сүйіспеншіліктің жетіспеуі.

  Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі.

  Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат.

  Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу.

 Қиянат жасамаудың міндеттері

         Әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,

Жан-жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік.

         Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну,  толеранттылық, ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау,  қоршаған ортаны қорғау.

         Дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу. Әлеуметтік, әділеттілік, жақсы азамат болу.

 Жүрек жарасы – жамандықтан

     Баяғыда бір үйде жалғыз ерке  бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына  37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы  шарбаққа бір шегеден қағып отыр», дейді. Бала жамандық  істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады.  33 шеге қаққасын,  4 шегені әкеп әкесіне  береді де,  былай дейді: «Әке, мен  енді  ешкімге   жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ».

     Сонда әкесі былай дейді: «Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,-дейді. Біраз уақыт өткен  соң әкесі мен баласы  шарбаққа қараса, ол  тесік-тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: «Балам, адамдардың  жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай  тесіктер қалады,», дейді.

-Жақсылық дегеніміз не?                                                                                                       -Адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Қорытынды бөлім

        Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
    "Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.   

                                                                                                                Абай

 

Жасамайық қиянат                    

Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана,  гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін  естен шығармайық, білейік.
Қиянат жасамайық адамзатқа,
Қиянат жасамайық табиғатқа.
Қиянат жасамайық ата-анаға,
Қиянат жасамайық туған Отанға.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.01.2020 16:47
Құрылған күні: 17.01.2020 17:13

Текст