Ұлылардың ұлысы-Абай деп бекер айтпаған. Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылшысы.Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Мектебіміздің кітапханашысы Абылкасова А.М. мектеп оқушыларына арнап Абайдың шығармаларына, қара сөз, өлеңдеріне арнап кітап көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар қоңырауда Абайдың өмір баянымен танысып, көрмеге қойылған кітаптардан өлеңдері, қара сөздерін алып оқып талдады.