Арайлы алтын күз
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Репертуарда:
-Ән: 1. «Күз тамаша» 2. «Кап – кап – кап, тук – тук – тук »
3. «Жапырақтар биі . 4.«Ленталармен би»
Көрініс:
Көкөністер таласы:
Пияз,қырыққабат,картоп,қияр,қызылша,қызанақ.
Таңғажайып сәт: Алтын күз ханшайымы, Қыркүйек айы, Қазан айы, Қараша айы (3 қыз)
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, әріптестер «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары! Баршаңызды Күз мерекесімен құттықтаймыз. Биылғы жылдың Алтын күзі отбасыларыңызға береке, құт, ырыс әкелсін! Олай болса "Күншуақ" тобы дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!
Ортаға бір ұл, бір қыз бала шығады:
1 бала: Аягөз (қолында қолшатыры бар ортаға шығады)
Құрметті қонақтар «Балапан» тобының «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!
Армасыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
2 қыз бала: Айзере (қолында қолшатыры мен жапырағы бар ортаға шығады)
Құрметті ата – аналар «Балапан» тобының мерекелік ертеңгілігін тамашалаңыздар
Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Аягөз бен Айзере бастарын иіп залдан шығып кетеді.
Жүргізуші: -Қараңдаршы, бүгін біздің тобымыз қандай әдемі болып кеткен
қолымызға не үстап келдік?
-Жапырақтар
-Осы жапырақтардың түсі қандай?
-Сары
Қуандырып біздерді, өлкемізге күз келді,
кел жемісті алтын күз кемелдейсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.
Қазір біздің балалар «Күзгі жапырақтар» биін билеп береді.
(Осы кезде әдемі «Песня листопад» әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы:-Сәлеметсіздер ме ,балалар!
Балалар:-Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:-Уа,халайық, дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсан тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр
Алмақ болып бар халқымның алғысын
-Мен Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын мен жалғыз келген жоқпын мен өзіммен бірге күз айларын ала келдім, Қыркүйек, Қазан, Қараша.
Қыркүйек Аягөз
Алтын күз – қыркүйек,
Жер қара, күн жылы,
Жарқын күз – қыркүйек,
Жайнайды бұл күні.
Қазан – Айзере
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады,
Жарқырады жарқын күз,
Келді міне Алтын күз.
Қараша – Айдана
Қараша, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауып іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Шоғы толған гүлдей жайна
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз Ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Ән: 1. «Күз тамаша»
Залға қолдарында ленталары бар қыздар жүгіріп кіреді. (барлық қыздар билейді)
Би: «Ленталармен би»
Ән: 1. «Кап – кап – кап, тук – тук – тук » 2.. «Күзгі вальс»
Алтын күз Ханшайымы: Міне, балалар, ата – аналар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймыз, Отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз.
Жүргізуші: “Күз сыйы” көрмесіне белсене қатысып, қол өнер дайындағаны үшін ата – аналарымызға алғыс айтамыз. (ата – аналарды марапаттау сәті)