"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мен заманауи ұстазбын

Мен  заманауи ұстазбын 

                                   

Ұстазыңды өле-өлгенше мадақта,

Сол емес пе, сені қосқан санатқа!

(Шығыс даналығы)

         Ұрпақ  тәрбиесі  жолында  қызмет  етіп  келе  жатқан оқытушының  ата-анадан  кейінгі  атқарар  рөлі  ерекше. Ғылым иесі галым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі, бәрі ұстаздан тәлім, білім алған. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық!», - деген екен. Шынында да ұлағатты ұстаздың көптеген күш-жігерін салып, бес күндік ғұмыр кешіп жүрген адамдарға өмірдің ащысы мен тұщысын ажыратындай, алға мақсат қоя білетіндей көптеген пайдалы кеңес, білім бергені аз емес... Білім нәрімен сусындаған, жан-жақты, өнегелі, сауатты тұлға ғана бұл ғұмырда өз орнын тауып, алдына келген қиыншылықтарды жеңіп озады.

        Қай оқушы болмасын, жанына жақын тұтар, өзіне өнеге санайтын ұстазы болады. Өмірдің қыр сырын білуге үйреткен ұстазы кім – кімге де ыстық қой.

        «Ұстаздық еткен жалықпас,

          Үйретуден балаға», - деп ұлы данышпан Абай айтқандай, шәкірт – жас бұтақ болса, ұстаз – алып бәйтерек. Сондай ұстазым болған Шахма Баймырзаұлының мен үшін орны бөлек. Сабақты ерекше түсіндіретін. Ұстазымның әр сабағы қызықты өтуші еді. Әр сабағынан үлкен бір әсер алып шығушы едім... Мен де ұстазыма еліктеп, ұстаздық жолды таңдадым. Сөз қадірін, сөйлеу мәдениетін Шахма ұстазымнан үйреніп өстім. Ұстазыма өмір бойы қарыздармын. Сөйтіп бүгінгі таңда мен де ұстаздық қызмет атқарып жатқан жайым бар.

        Мұғалім мамандығы ең құдіретті де қадірлі мамандықтардың бірі. Шынайы ұстаз адами қасиеттерді бойына сіңіре отырып, өз шәкірттерінің жүрегінде білімге деген сарқылмас ынта-ықыласты оятады. Ұстаздың кәсіби және жеке басының қадір-қасиеті-шәкіртінің терең білімді азамат болып қалыптасуындағы ең басты мәселе. Мұғалім кез келген қоғамның лайықты өкілі болған, бейбітшілік пен келісім, ізгілік пен жақсылық рухын себепші болған.

       Жаңа Қазақстанның дамуына бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына қосылу жолында ұстаздар қауымы алдына зор міндеттер жүктеліп, Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында»,- деп білім жолындағы атқарылар істерді айқындап берді. Мен де осы жолды таңдап, барлық білген білімімді шәкірттерге берсем деген ниеттемін. Сол жолда ерінбей еңбек етіп, тер төгіп жүрген көптеген мұғалімдердің  еңбегі зор. Мұғалім еңбегі-адамзат қызметінің өте маңызды да, күрделі түрі екені даусыз. Ол терең білім мен үлкен шеберлікті, жүрек жылуы мен күш жігерді, тіпті уақытпен санаспай еңбек етуді қажет етеді. Еліміздің тұңғыш президенті  Нұрсұлтан Әбішұлының  халқына арнаған жолдауында атап өткендей «Жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой, өз ісінің білгірі, талантты жауапкершілігі мол жоғарғы ұстаз болу-бүгінгі күннің талабы. Әрбір педагог өз мүмкіндіктерін заманауи  ұстаз ретінде көрсетіп, жан-жақты біліктілігін таныту қажет». Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген, жаңалыққа құштар, жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұстаз тәрбиелеу мына ұстаздардың қолдарында. Ұлы Абай атамыздың тілімен айтсақ, «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады». Абыройлы міндетті жауапкершілікпен атқарған ұстаздар қашан да зор құрметке лайық.

       Ұстаз әрдайым ізденіс үстінде болуы шарт, себебі өмір талабына сай білімді де, білікті шәкірттерді оқытып шығару – қазіргі заманауи  ұстаз парызы.

     

 

Тасмагамбетова Айнаш Кайрбаевна. Мәлік Ғабдуллин негізгі орта мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі

Жаңартылған күні: 05.04.2021 15:22
Құрылған күні: 05.04.2021 15:22

Текст