Ақмола облысы білім басқармасының инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту жөніндегі жоспар-кестесінің негізінде 14 қарашада біздің мектепте инклюзивті білім беруді қолдау мақсатында ресурстық кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
Кабинеттің салтанатты ашылуына: білім бөлімінің әдіскері Ошағанов Рүстем Қойайдарұлы, ауыл әкімі Әбілқасова Жанна Айтымқызы, мектеп педагогтары, ата-аналар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар қатысты.
Ресурстық кабинетінің негізгі мақсаты-ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жеке көмек пен қолдау көрсету және олардың табысты әлеуметтенуі мен басқа мектеп оқушылармен қатар оқу процесіне толықтай қатысуы.
Бұл кабинет барлық балалардың физикалық және психикалық ерекшеліктеріне қарамастан, олардың ақыл-ой мүмкіндіктерін құру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Мұнда балалардың жайлы және қолдаушы атмосферада дамуы, үйренуі және дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалған.