Текст
16 мамыр күні мектебімізде оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлық құбылыстарына көзқарас» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы хабардарлық деңгейін және осы құбылысқа деген жеке көзқарастарын анықтау. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі сыбайлас жемқорлықты айыптап, адалдық пен құқықтық мәдениетті бала кезден қалыптастыру маңызды деп санайтыны белгілі болды.