„Балаларды балабақшаға бейімдеу жолдары“ тақырыбында ата-аналарға арналған кеңес

11.11.2025

«„Айналайын“ шағын орталығында кеңес беру пунктінің жоспары негізінде „Балаларды балабақшаға бейімдеу жолдары“ тақырыбында ата-аналарға арналған кеңес өткізілді.
Кездесу барысында ата-аналарға келесі ұсынымдар берілді:

  1. Баланы балабақшаға алдын ала дайындау: жаңа орта, тәрбиеші, ойындар мен достары туралы әңгімелесу.

  2. Баланы күн тәртібіне біртіндеп үйрету: балабақшадағы режимге сәйкес ұйықтау, ояну, тамақтану уақытын реттеу.

  3. Балабақшаға бару уақытын біртіндеп ұзарту: алғашқы күндері қысқа уақытқа барып, кейіннен ұзарту.

  4. Өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастыру: киіну, жуыну, қасықпен тамақтану, ойыншықтарын жинау.

  5. Эмоциялық байланыс орнату: баламен жиі сөйлесу, жетістіктері үшін мадақтау, сабырлылық пен мейірімділік таныту.

  6. Қоштасу кезінде мазасызданбау: ата-ананың көңіл күйі балаға әсер етеді, сондықтан сабыр сақтап, сенімді болу қажет.

  7. Тәрбиешілермен тығыз байланыс орнату: баланың үйдегі мінез-құлқын, әдеттерін бөлісу арқылы бейімделу үдерісін жеңілдету.

Кеңестің мақсаты – ата-аналарға балалардың балабақшаға табысты бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасауға көмектесу.»

Просмотров: 2356


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст