" />
29.12.2025
Мектеп әкімшілігі жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу барысында көрсеткен демеушілік көмегіңіз, қолдауыңыз және балаларға деген жанашыр көзқарасыңыз үшін шынайы алғыс пен ризашылығын білдіреді.
Ерекше алғыс білдіреміз:
«KazGrainFeeders» ЖШС директоры Молдағалиев Е.А.-ға — «Айналайн» мини-орталығына арналған 21 дана жаңа жылдық сыйлық дорбаларын ұсынғаны үшін;
«Щучинский гормолзавод» ЖШС директоры Сейсембиев М.К.-ға — 0 сынып және 1–9 сынып оқушыларына арналған 70 дана жаңа жылдық сыйлық дорбаларын ұсынғаны үшін;
«Рамиз» жеке кәсіпкері Нұрғалиева П.В.-ға — тәтті сыйлықтар (кәмпиттер) үшін;
«Береке» дүкенінің иесі, жеке кәсіпкер Қойшыкенов К.К.-ға — тәттілер түріндегі қайырымдылық көмегі үшін;
Мазбаев А.Е. мен Савченко Л.И.-ге — залды және жаңа жылдық шыршаны безендіруге көрсеткен демеушілік көмегі үшін.
Сіздердің қолдауларыңыз балаларға қуаныш, мерекелік көңіл күй және игі істерге деген сенім сыйлады.
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, амандық, кәсіби қызметтеріңізге табыс, өсіп-өркендеу, жаңа жетістіктер мен әр шаңыраққа бейбітшілік тілейміз!
Құрметпен,
Мектеп әкімшілігі
