2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау туралы

09.04.2026

📢 Құрметті ата-аналар!

2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды.

📅 Құжат қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 27 мамыр – 31 тамыз аралығы.
Ақмола облысы бойынша: 10 маусым – 31 тамыз.

✅ Өтініш берудің екі жолы бар:
• eGov.kz порталы арқылы онлайн
• мектеп кеңсесі арқылы қағаз түрінде

🏫 Әр мектепте ЭЦҚ арқылы өтініш беруге арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

👧👦 1-сыныпқа 6 жасқа толған және биыл 6 жасқа толатын барлық балалар қабылданады.
Баланың дайындық деңгейі талап етілмейді.

⏳ Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні
💬 Қызмет тегін көрсетіледі

📄 Портал арқылы қажет құжаттар:
• ата-ананың өтініші;
• №065/у және №052-2/у медициналық анықтамалар;
• баланың фотосуреті.

📄 Қағаз түрінде қажет құжаттар:
• өтініш;
• баланың туу туралы куәлігі;
• ата-ананың жеке куәлігі;
• медициналық анықтамалар;
• 2 дана 3×4 фото.

🕘 Құжат қабылдау уақыты:
Дүйсенбі–Жұма
09:00–18:00
(түскі үзіліс: 13:00–14:00)

❗ Бас тарту себептері:
• құжаттардың толық болмауы;
• жалған ақпарат ұсыну;
• талаптарға сәйкес келмеуі;
• сынып орындарының толық болуы.

Құрметті ата-аналар, құжаттарды уақытылы тапсырып, алдын ала дайындап қоюларыңызды сұраймыз!

Просмотров: 1697


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст