Текст
08.05.2026
Бүгін мектебімізде Жеңіс күні мерекесіне орай Кеңес Одағының Батыры, даңқты қаһарман Мәлік Ғабдуллин ескерткіші жанында салтанатты митинг өтті.
Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар Отан үшін жанын қиған батырлардың ерлігін еске алып, олардың батылдығы мен елге деген сүйіспеншілігі туралы айтты. Оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, Жеңістің маңызы жайында ой бөлісті. Сонымен қатар батыр бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухын сіңіріп, тарихымызға деген құрметті арттырады. Біз батырларымыздың ерлігін әрдайым мақтан тұтамыз! 🇰🇿✨