"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалық шақтың жарқын мерекесі

01.06.2026

☀️🌈 1 маусым күні мектебімізде Балаларды қорғау күні мен «Достық жұлдыздар шоғыры» жазғы лагерінің ашылуына арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті!
Балалар қызықты ойындарға қатысып, көңілді флешмобтар билеп, эстафеталарда бақ сынады, бір-біріне жылы лебіздерін арнап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Балалық шақтың кемпірқосағы» сурет байқауы ерекше қызығушылық тудырып, қатысушылар өздерінің қиялы мен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Мереке барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттер сыйлады. Керемет күннің соңында барлық балаларға тәтті тосынсый ретінде балмұздақ таратылды.

Балаларға қуаныш сыйлап, мерекелік іс-шараны қолдағаны үшін демеушілік көмек көрсеткен ЖК «Рамиз» («Зарина» дүкені) П.В. Нургалиеваға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында мереке одан әрі жарқын өтіп, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады! 🍦✨

Просмотров: 45


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст