12.06.2026
«Улыбка» мектеп жанындағы жазғы лагері өз жұмысын қорытындылады
2026 жылдың 1 маусымы мен 12 маусымы аралығында «Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі» КММ жанынан ұйымдастырылған «Улыбка» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын табысты аяқтады. Лагерьде 10 күн бойы 30 оқушы демалып, жазғы демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізді.
Лагерь жұмысы барысында оқушылар үшін спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, танымдық ойындар, викториналар, шеберлік сағаттары және түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалар әр күнді көтеріңкі көңіл-күймен өткізіп, өз қабілеттерін шыңдап, жаңа достар тауып, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын дамытты.
Әсіресе спорттық эстафеталар, шығармашылық сайыстар, денсаулық күндері мен экскурсиялар балалардың есінде ерекше қалды. Лагерь тәрбиеленушілері жарқын әсерге бөленіп, көптеген жағымды эмоциялар алды.
«Улыбка» лагері балаларға қуаныш сыйлап, жазғы демалыстың алғашқы күндерін мазмұнды әрі қызықты өткізуге мүмкіндік берді. Барша оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын жаз және қауіпсіз демалыс тілейміз!
