Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата — бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бірінші байлық — денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Осыған орай мектебімізде “Біздің денсаулығымыз-біздің қолымызда ” атты денсаулық фестивальі өтті. Бұл фестивальде дене шынықтыру пәні мұғалімі Оспанов К.Х. мектеп оқушыларын командаға бөліп сайыс ұйымдастырды. Сайыстың мақсаты оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдылықтарын, күштіліктерін қалыптастыру.