Текст
6-17 қыркүйек аралығында мектебімізде Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай Тілдер 10 күндігі аталып өтілді. Тілдер 10 күндігі барысында тілдің адамзаттың қарым-қатынасы үшін маңыздылығы ұлықталып, түрлі іс-шаралар өткізілді. 10 күндік барысында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндер мұғалімдері бірлесіп "Тіл-ең асыл құндылық" эссе, "Ұлылардың ұлысы Абай" кітап көрмесі, викторина "Умники и умницы" "Біз Абай жолындамыз" латын қарпінде эссе жазу, "Табиғат-ғажап әлем" сурет көрмесі, "English skills" жаңылтпаш айту сайысы, "Ана тілім-ардағым" өлеңді жатқа айту, бастауыш сынып мұғалімдері "Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ" сайыстарын өткізді.