Бала құқығы Ата заңымыздың басты заңдылықтарының бірі. Мектеп жасына жеткен әр бір бала Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілгендей орта білім алуға құқылы.
⠀
Осы заңның аясында бүгін 10 қазан 2021 жылы мектебімізде құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Бала құқығы-адам құқығы» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында оқушыларымызға бала құқтығы түсіндіріліп, өз өмірлерінде қолдануға бағыт берілді.
Ата заңымызда көрсетілгендей әр оқушы мектеп қабырғасында білім алып, еліміздің және басқа шет елдердің жоғарғы оқу орындарында білім алуға болатыны айтты. Және осы арқылы балалардың армандары ұшталып, болашақта қай мемлекетте жүрсеңіздерде ойларыңызда болсын сіздердің арттарыңызда «Сіздердің құқықтарыңызды қорғайтын, Ата заңымыз тұрғанын ұмытпаңыздар. Ол деген сөз сіздер қашанда қорғаудасыздар" – деп оқушылар бойына Отанға деген құрметпен, махаббат, рухты сіңдіруге тырысты.