Театрлық қойылымды өткізу туралы ақпарат
"Ормандағы өрт"
"Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" КММ
Іс-шараның мақсаты:мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу. Міндеттері: балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері мен өрт кезіндегі тәртіп ережелері, ормандағы өрттердің зияны туралы білімдерін байыту және жүйелеу. Жануарлар мен өсімдіктерге ұқыпты қарауды, оларға қамқорлық жасауды тәрбиелеу. Эмоционалды қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Театрлық қойылымға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Бұл іс-шараның көрермендері бастауыш сынып оқушылары болды. Оқушылар сіріңкемен ойнау және орманға жақын жерде от жағу қаупі туралы үзінділер көрсетті. Егер сіз өртті көрсеңіз, қайда қоңырау шалу керек? - деген сұраққа барлығы жауап берді:
- Өрт кезінде 101 нөміріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақыру керек екені айтылды.