Текст
1 А сыныбында"Қош бол, сүйікті Әліппе!"атты ертеңгілік болып өтті.Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап,бетін ашқан оқулығы- Әліппе.Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып бүлдіршіндері алғашқы баспалдақтан сүрінбей өтіп отыр.Ертеңгілік барысында Әліппені жақсы меңгергендері бірден байқалып тұрды.Оқушылыр жаттаған өлеңдерін оқып, сүйікті Әліппеге ән арнады.Мектебіміздің директоры окушыларға "Әліппені бітіру" мадақтамасын табыстады.Алғашқы ұстаздары Айнаш Кайрбаевна егеменді еліміздің еңсесі биік азаматтары болыңдар деген тілек білдірді.