Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ
Мерзімі: 21.11.2018ж №11 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ашу –дұшпан, ақыл –дос
Мұғалім: Оспанова Баян Балташевна
Сынып – 4
Оқушылар саны
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылық
Сабақтың мақсаты: оқушылардың «ұстамдылық», «сабырлылық» адами қасиеттерін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділік: «ұстамдылық», «сабырлылық», «ақылдылық» сөздерінің мәнін түсіндіру; Дамытушылық: өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; Тәрбиелік: ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу. |
|
Ұйымдастыру кезеңі. -оқушылармен сәлемдесу. - 5 Т ережесі (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық).
Тыныштық сәті. Денелеріңізді түзу ұстап, аяқ- қолды айқастырмай отыруларыңызды сұраймын. Қазір біз дем алу жаттығуларын жасаймыз. Біз дем алу жағдайымызға ден қойғанда, біздің ойымыз да тынышталады. Демді ішімізге тартқан кезде біз өзімізге тыныштық пен қуанышты ала кіремізде, дем шығарған кезде барлық мазасыздықты шығарамыз. Қане, дайындалайық. Көзімізді жұмып, арқамызды түзу ұстаймыз, қолды тіземізге қоюға болады. Дем аламыз, дем шығарамыз......( 9- 10 рет, баяу). |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықтың 49 бетіндегі«Екі дос» атты ертегісін сахналау. - Сонымен, адал достық қандай болады екен? |
«Ел аузынан»
|
3. Дәйексөз: «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»
1. Сендердің ашуланған кездерің болды ма? 2. Не себепті ашуландыңдар? 3. Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің?
Оқушылардың жауаптарын толықтыру. Іс-әрекеттің байыбына бара алатын, ұстамды, сабырлы, ақылды, жақсы мен жаманды айырып, әр іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді. |
М. Әуезовтың қанатты сөзін оқу және талдау
|
4. Әңгімелеу Сурет Ж. Дәуренбеков
Мұғалім апай бәріне үй тапсырмасын береді. -Қалған суреттеріңді салып келіңдер,- деді. Азамат үйге келгесін түрлі түсті бояғын қаламдарын алып, ақ қағазға сурет салуға кірісті. Әуелі ауладағы үйшігінің алдында шуақтап жатқан Бөрібасарды салып көрді. Онысын үшінші сыныпта оқитын ағасы Саматқа көрсетіп еді, ол сәл таңғала қарады да:
Азамат енді бояу қаламымен терезе түбінде қыт-қыттап жүрген әтешті салды. Өзін сарала етіп, айдарын қып-қызыл боп бояды. «Мұндай әтеш болмайды!» - деп азамат тағы да басын шайқады. Азамат әбден абдырады. Сосын ойланып-ойланып отырып, төрдегі портретіне қарап әжесін салды. Мұны көрген Саматтың ішек-сілесі қатып күлгені-ай:
Ыза болған Азамат жыларманға келді. Ренжіп даладағы сәкі үстінде домбыра шертіп отырған атасына барып шағынды. Не салса да Саматтың мазақтай беретінін айтты. Атасы шертуін доғарып, сақалын сипап ойға қалғандай болды да:
қағазды астына қатты мұқабалы кітабын төсеп алдына қойды. Атасы тамырлары білем-білем, буындары шорлаған добалдай саусақтарын жайып, ақ қағаздың бетіне салды.
Азамат бояу қаламын тарбиған әр саусақтың арасымен жүргізе отырып сызып шықты. Атасы алақанын көтеріп еді, ой, ғажап-ай, ақ қағаз бетінде үп-үлкен алақан пайда болыпты. Азамат таңғала қарады, қуанып кетті. Жүгіріп Саматқа барып көрсетті.
Самат үндемей қалды. Ертеңіне апайы да мақтады.
Қатты қуанған Азамат мәз-мейрам. Суреті мектептегі көрнекті тақтаға ілінді. Ғажап алақан бүкіл баланың басынан сипап тұрғандай...
Сұрақтар: 1. Саматқа Азамат неліктен ренжіді? 2. Азамат ашуын жеңген кезде қандай қасиеттерге ие болды? 3. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген мақалды қалай түсінесіздер? 4.Өзіңіз кез-келген жағдайда сабырлы қалпыңызды сақтай аласыз ба? Мысал келтір. |
|
5. Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс. Оқушыларды екі топқа бөлу Білім –біліктерін тиянақтау мақсатында тапсырма ұсынылады. 1 топ. Оқулықтағы «Сырғанақта» атты мәтінді өз ойларымен аяқтау ұсынылады. 2 топ. Оқулықтағы «Сырғанақта» атты мәтіннің суретін салу.
Екі топ жұмыстарын қорғайды. |
Плакат, маркер, түрлі қағаз. |
6. Топпен ән айту. «Мектеп полькасы» сөзі: Т. Молдағалиев әні: И. Нүсіпбаев Біз – бейбіт ел ұланы, Өнер-білім ұраны. Алдымыздан жақсы арман Күлім қағып тұрады. Қайырмасы: Біз – батыр ел жастары, Бақыт алға бастады. |
АКТ-ны пайдалану. Әнді бірге шырқау ұсынылады. |
7. Үй тапсырмасы. Оқулық, 57 бет «Аға ақылы» атты өлеңді жаттап келу. |
С. Мәуленов |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
|
|
|