"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эссе: Ізгі педагог – Ыбырай Алтынсарин

13.03.2019

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің

«Пухальск негізгі мектебі» КММ

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Оспанова Баян балташевна

 

Эссе: Ізгі педагог – Ыбырай Алтынсарин

 

Қазақтың ұлттық мәдениеті мәңгілік рухани - адамгершілік құндылықтарға негізделген.  Сол сияқты  жаңа дәуірдегі ізгі педагогтар, қазіргі таңдағы заманауи ізгілік педагогикасының өкілдері өте көп.   Еліміздің ізілік педагогикасы  классиктерінің    жарық  жұлдызы —  Ыбырай Алтынсарин атамыз. Көрнекті отандастарымыздың даңқты аталарымыздың бірі әйгілі ғалым, ағартушы, жазушы, ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, этнограф және публицист Ыбырай Алтынсарин ерекше орын алады.

Бұл адам алғашқы оқулықтар шығарып, біздің халқымызға білім бере бастады. Ыбырай Алтынсарин — бар ғұмырын ағартушылыққа, яғни ізгілік педагогикасына көп еңбектенген көрнекті тұлға. Ол өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот. Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс әліпбиі негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды.

Ыбырай атамыз мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Оқушыларды  жеке тұлға етіп қалыптастыруды адам  бойындағы  асыл  қасиеттердің  көзін  ашып, оларды  қоғамның  белсенді  мүшесі етіп  дайындауды білім мен тәрбиенің бастауында  тұрған мәңгілік  жалпыадамзаттық құндылықтарды жүзеге асқаны  сөзсіз. Адамгершілік – қоғамдық сананың ең басты белгілері болғандықтан Ыбырай Алтынсарин адамдардың мінез-құлық,  іс-әрекетті, қарым-қатынастарды  бейнеледі.

Ізгілік педагогикасының классигі Ыбырай Алтынсариннің өзінің заманында жазған : «…жастардың  ой- пікірі еркін;  оның келешегі үшін оған тек  сана сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек…» деген өсиетін есте сақтау абзал. Себебі  қазіргі таңда рухани-адамгершілік білім өте қажет. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Ой, сөз және істің бірлігін тең ұстады. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. «Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім», – деп жазды ол. Мұғалім баланы сүйіп, оны түсіне білуі және шабыттандыра алуы керек деп есептеген. Ізгілік педагогикасын баса назарда ұстаған Ыбырай Алтынсарин  балаларға арнап көптеген қысқаша әңгімелер жазды. Сонымен қатар оқу – әдістемелік шығармалар  және халық ағарту мәселелері жөнінде  ескертпелер, этнографикалық очерктер де жазған. Ұлы ағартушы  рухани - адамгершілік  білімнің  маңыздылығы жайында айтып кеткен. 

Үлкен-кішіміздің қай қайсымыз болмасын балаларды білім алуға, ғылым үйренуге, талаптанып оқуға       шақырған Ұлы ұстаз Ыбырайдың: 

«Бір Аллаға  сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық,- деген өлеңін жатқа білеміз. Міне, бұл өлеңнен ақынның қазақ балаларының бойына білім нәрін сіңірту жолындағы ынта- жігерін анық байқауға болады.             Ұстаздың қай шығармасын алсақ та, мысалы, «Таза бұлақ», «Бай баласымен жарлы баласы» сынды туындылары жас ұрпақты мейірімділікке, ізеттілікке, білімділік сияқты адами қасиеттерге шақырады. Бүгінгі таңда да бұл туындылар өз мәнін жоғалтқан жоқ. Ақынның «Дала қоңырауы» атауына келетін болсақ, менің ойымша, қазақ даласында алғаш рет қазақ балаларын білімге шақыруы, сыңғырлаған қоңырау сынды ерекше үні - бұның басты себебі. 

Атамыздың өмір жолдарына үңілсек, осындай еңбекқорлығын, өз халқына адал, нағыз ұлтжанды адамның бейнесін көреміз. Бұл оның ұлтына жанашырлығы . Ол - жай ғана ағартушы емес, халқын сүйетін нағыз ұлтжанды күрескер деуге тұрарлық аяулы жан. Ұйқыға кеткен қазақ даласын қоңырау сықылды сылдырлап, қазақ жастарының білім алуына жол ашқан Ыбырай Алтынсарин нағыз «Дала қоңырауы» деген атқа лайық деп ойлаймын.

Қорытындылай келе, біз ұлы ұстаздың Ыбырай Алтынсариннің дәуірінде айтылып кеткен сөздерді әлі күнге дейін өз өмірімізде қолданып келеміз. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген өлеңдері мен әңгімелерімен  рухани азық алдық, сонымен қоса осы әсем шығармалар арқылы бой түзеп келе жатырмыз. Ыбырай атамыздың мұрасы халқымыздың асыл мұрасы, қол жетпес қазынасы.  Ыбырай Алтынсарин барша адамзаттың болашағын, тағдырларын ойлап, көп істерді атқарды. Сол үшін әр адам білімділікке талпынып, ізденіс пен сабырлықты жетелей ала жүріп, барша жетістікке, даналыққа жетуі тиіс! Әрбір азамат осындай кереметтей ақынды қадірлеп, есте сақтап, болашақ ұрпақтарға жеткізулері тиіс деген ойдамын.

Просмотров: 1246


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст