Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастыра отырып оқыту
Оспанова Б.Б.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
«Пухальск негізгі мектебі» КММ
“Руханияттың кәусар бастауына апаратын жолды іздеу-бүгінгі таңда өмір сүріп келе жатқан адамдардың әрқайсысының және баршамыздың басты міндетіміз екеніне сенемін, тіпті егер қаласаңыз, оны адам туралы білімдер көмбесіне апаратын жол деп те атауға болады.”
Сара Алпысқызы
“Өмiр әдебi” кiтабынан
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие мәселелері назар аударуды қажет етеді.
Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан да көруімізге болады
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Оқыту жастарға білім беріп қана қоймай, оларды қолдана білуге үйретуі тиіс. Оқытудың тәрбиелік компоненттерін күшейту маңызды. Патриотизм, мораль мен адамгершілік нормалары, ұлтаралық келісім, толеранттылық, денсаулық және рухани даму, заңтыңдаушылық. Бұл құндылықтар барлық оқу орындарында, олардың меншік түріне қарамастан, игерілуі тиіс», - деп атап, көрсетті [1].
Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз - оқушының өмірдегі өз орнын табуына, олардың өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп отыруына жағдай жасау. Сонымен қатар баланы айнала қоршаған ортадағы адамдар мен жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, өз бетімен қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Осы аталған тәрбиені жүзеге асыруда мектептерде соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы зор.
Өскелек ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі – мейірімділікке, қайырымдылыққа өзара көмек көрсетуге бағытталған адамдағы ізгіліктік құндылықтарды ашуды көздейтін мектептің ең маңызды міндеті, оқу-тәрбие үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады [4].
Мектеп жасындағы кезең балалардың адамшершілік қасиеттрін дамыту үшін қолайлы болып табылады, өйткені осы жас шамасында тұлғаның әрі қарай үйлесімді дамуының негізі қаланады.
Сол себепті, мектептегі тәрбиелік үдеріс оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен оқу қызметтерін біріктіретін жаңа дүниетанымын ашу керек.
Білім беру жүйесіндегі рухани-адамгершілік тәрбиенің жаңа сапалы сатысы – бұл мектептің біріңғай білім беру кеңістігіне, оның іс-әрекетінің барлық түрлеріне және мектептегі білім берудің дәстүрлі әдістемелеріне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының интеграциялануы.
Оқушы тұлғасын тәрбиелеу мен дамыту үдерісі келесі бағыттар бойынша жүзеге асады: оқу-тәрбие үдерісі барысында ұйымдастырылатын сабақ, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс түрлері, мектепгі ахуал мек кеңістік. Оқушыларды тәрбиелеуісінде нәтижеге қол жеткізу үшін осы бағыттар бір ортақ оқу-тәрбие жоспары бойынша, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеудің ортақ міндетін шешуге жұмыс істеуі қажет.
Мектептің тәрбие жүйесі оқушы тұлғасын тәрбиелеу үшін құрылады және ізгілік бағытта болуы тиіс. Ол оқушыларға тек сабақтар, мұғалімдер, оқушықтар, үй тапсырмалары арқылы әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен бірге, қоршаған ортамен байланыс, оқушылар, сынып мұғалімдері мен ата-аналар арасында қалыптасқан құндылықтық қатынастарды орнату, ересек адамдар мен балаларды біріктіретін дәстүрлер арқылы ықпал етеді.
Тәрбие үрдісі – біртұтас динамикалық жүйе, оның негізгі факторы ретінде ұлға қалыптастырылады. Педагогтардың пікірінше, «адамды тәрбиелеуде ең бастысы – адамгершілік және моральдық ақиқаттарды түсініп қана қоймай, сонымен бірге, әр адам өмірінің мақсатына, өз ұмтылыстары мен жеке бақытына қол жеткізудің пәніне айналуы тиіс» [3].
Бүгінгі таңда мектептің педагогикалық ұжымы үшін оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу тәжірибесін жетілдіру мен жаңарту қажеттілігі туындап отыр.
Оқыту үрдісі түрлі сабақтардан құрылады, сол сияқты, тәрбие үдерісі де тәрбиелік іс-шараларды қамтиды.
Қазіргі талап бойынша қоғам, табиғат, адам арасын пәнаралық байланыста оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденсек педагог, ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады. Философ М.Орынбеков Абай филисофиясының негізгі адам проблемасы екенін ашып көрсетті.
Қазіргі кезде көп айтылып жүрген интеграция яғни алалас пәндердің өзара ықпалдасуы олардың мазмұндық, құрылымдық, ғылыми-теориялық, лингво-семантикалық және жалпыпедагогикалық аспектілерінің кірігуімен ерекшеленеді. Кіріктірілген пәндердің өзара байланысын төмендегідей белгілеріне қарай сипаттауға болады:
– ықпалдасу негізділігінің пәндік мазмұнға, оқыту нысаны мен әдістеріне сәйкестігі;
– білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты бағдарлы мәнділігін сақтау ұстанымының ескерілуі;
– оқушылардың компетенттілігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болуы қажет.
Қай пән болмасын кіріктірілген сипатта қызмет ете алатындықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын өзге пәндермен ықпалдастыруда пәнаралық, пәнішілік байланыстар мен оқушының іс-әрекеттік қызметін арттыруға баса назар аударылады.
Мемлекетіміздің қазіргі даму жағдайынның ерекшеліктері, әлеуметтік қарым-қатынас болып жатқан қарама- қайшылықтар, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мен даму мәселелеріне ересектер тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбеуі барлық әлеуметтік институттардан балалармен қарым-қатынас және олардың тұрмыс тіршілігі үшін барлық қажетті жағдайларды жете ойланып түсінулерін талап етеді.
Жүйеаралық кіріктіру білім беру және дамытушылық қызметтермен қатар тәрбиелеушілік қызметті де орындайды, солай болғанмен, қазіргі кезге дейін кіріктірудің тәрбиелік маңызына жеткілікті көңіл бөлінбей келді.
Әр түрлі оқу пәндерінің өзара байланысы негізінде алынған пәнаралық білім, білік, дағды сабақтан тыс іс-әрекеттерде де қолданылуы тиіс. Осы білімдерді игеру, біліктіліктерді қалыптастыру, дағдыларды дамыту барысында тәрбие үрдісі де іске асады.
Кіші мектеп жасындағы балалардың қызығушылығы әлі де тұрақсыз болатындығын ескеріп, оларға сыныптан тыс жұмыстар кезінде қызығушылық тудыратын істерді баса ұйымдастыру қажет.
Жүйеаралық интеграция – оқу мен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланысы, мектепке дейінгі жастағы жалпы оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігінің маңызды да қажетті шарты болып табылады, оқушылардың білім сапасы мен көлемін ұлғайтудың қосымша мүмкіндіктерін тудырады.
Сонымен, білім беру үрдісіндегі интеграция әр түрлі пәндер арасындағы тұрақты байланыстарды нығайту және мектептен тыс іс-шараларды бұрын алған білімдерін байланыстыру мақсатымен жүйелі түрде жүзеге асырылатын үрдіс.
М.Скатин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әр түрлі нысандар мен болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды және қатынастарды ашатын күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау нысандары мен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырады.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интелектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдардың бірі – пәнаралық байланыстар. Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. Зерттеулердің нәтижесіне сәйкес пәнаралық байланыстар оқытудың қағмдасы және білім берудегі міндетті элемент ретінде де айқындалады (В. Краевский, И.Лернер, А.Бейсенбаева, И.Зверьев, В.Максимова және т.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізі бағыттарында: пән бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде; оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда; жеке әдістемелерді және ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде бұларды басты назарда ұстаған жөн. Сондай-ақ педагогика ғылымында белгіленген пәнаралық байланыстарды оқу материалдарының уақыт критерийі; жекелеген пәндердегі оқу материалдарының фактілік, ұғымдық, теориялық ақпараттық мәні; оқу пәндеріндегі білімдер мен іс-әрекет түрлері; мазмұндық-ақпараттық, операциялық іс-әрекеттік, ұйымдастыру-әдістемелік сипатына тән талдап қорытындыланған түрі бойынша жүзеге асырғанымыз абзал.
Қазақ халқының ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын.
Барлық ғасырларда адамгершілік-рухани тәрбиелік жоғары бағаланған. «Жақсы тәлім-тәрбиені мектепте немесе жанұядан ғана алмайды, адам өзін-өзі де тәрбиелей алады. Тек нағыз тәрбиелік деген не екенін біліп алу қажет. Тәрбиелі адам – бұл басқа адамдардың пікірімен санасқысы келетін және санаса алатын, өзінің инабаттылығы өзіне ұнайтын, дағдыға айналдырған адам. Бұл үлкендермен де, жасы кішілермен де, мәртебесі төмендермен де бірдей сыпайы адам», - деп есептейді академик Д.С.Лихачев.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мен мектептегі басқа пәндерді интеграциялаудың дүниетанымдық негіздері әлемді және адамды тұтас түсінумен анықталады. Олар тек биологиялық және әлеуметтік табиғатқа ие емес, сонымен бірге жоғары рухани негізінде түсіндіріледі. Ол қоршаған ортада өмір, қозғалыс, даму, тәртіп, үйлесім ретінде көрініс береді; ал адамның санасында мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде көрінеді.
Педагогикада интеграциялау ұғымын бірінші рет И.Д.Зверев және В.Н. Максимов енгізген: «Интеграция – байланысқан біртұтастықты жасау үдерісі мен нәтижесі. Оқытуда ол пәнаралық оқу проблемаларын ашу мақсатында ғылымның негіздерін кешендеу мен қосу, түрлі ғылыми ұғымдарды және сан-алуан пәндердің әдістерін танымның жалпыадамзаттық құндылықтары мен әдістеріне біріктіру, түрлі оқу пәндерінің элементтерін бір синтезделген курста біріктіру арқылы жүзеге асады.
Интеграциялау үдерісінде оқыту мен тәрбиенің арасында шекаралар жойылады және төмендегідей идеялар жүзеге асады:
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін пилоттық мектептер құрылды.
Білім беруде қарапайым адамды, азамат пен патриотты тәрбиелеуге, жас қазақстандықтардың мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға, аларды заманауи әлемдегі өмірге дайындауға бағыттау тиіс. Сонымен бірге білім беруде мектептегі арнайы мамандандырылған білім берудің орнына білімнің барлық пәндік салаларында және тәрбиелік жұмысында біртұтас білім беруді қажет ету кезеңінде жалпыадамзаттық құндылықтармен интеграцияланған бағытта дамитын мәдениетке сүйене отырып, оқушылардың отбасыларымен үнемі ынтымақтастықта болу қажет.
Қорыта келе, мектептің оқу-тәрбие үдерісінде мұғалім тұлғасының ұлы рөлі туралы тағы да еске салудың еш артықтығы болмайды. Мұғалімнен бала тәрбиелікке, әдептілікке және адамгершілік тәжірибені қабылдауға үйренеді. Сондықтан, ол бұған дайын болуы тиіс және ішкі тазалығы, қайырымдылығы, шыдамдылығы және өзінің игілікті ісінде табандылығы болуы қажет. Мұғалім тәрбиеленушінің өмірінде ата-аналарымен бірге басты рөл атқарады, оқушы білім алуға ғана емес, сонымен бірге жанының қайырымдылығына және адамгершілікті мінез-құлыққа ие болуға талпынады.
Мұғалім баланың үйлесімді дамыған, рухани бай тұлғаға айналуына ықпал етеді.
Пайдаланған әдебиеттер