"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Б.Соқпақбаев. «Менің атым Қожа». Өзгеру ешқашан кеш емес.

04.04.2019

Сабақ:

Мектеп: Пухальск негізгі мектебі

Пәні:

Қазақ әдебиеті.

 Күні: 22.02.

Мұғалім:   Ахметжарова Гульден Базарбаевна            

 Сынып: 5

 Қатысқан оқушылар  саны:

 Қатыспағандар:

 Бөлім:

Адамгершілік – асыл қасиет.

Сабақтың тақырыбы

Б.Соқпақбаев. «Менің атым Қожа». Өзгеру ешқашан кеш емес.

Оқу бағдарламасына сілтеме

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы

А/И2. Автор бейнесі

Құндылық:

 Дұрыс әрекет (Өзін-өзі тану пәнін интеграциялау бойынша құндылық)

Оқу мақсаты

5.Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

Сабақ мақсаты

Әңгімедегі кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстырады.

Автордың кейіпкер жасау шеберлігін ескере отырып, осы тақырыптағы әлемдік шығармамен салыстырады.

Дұрыс әрекет құндылығы арқылы жақсы әдет,өсек айтпау,шындық айту,жағымсыз әдеттердің қауіпті екенін түсіну,отбасындағы,мектептегі өз парызын орындау.

Жетістік критерийлері

Эпизодтардан қорытынды шығара алады.

Бүгінгі өмірмен байланысын анықтай алады.

Осы тақырыптағы шығармамен салыстыра отырып, ұқсастықтықтарын анықтай алады.

Пәнаралық       байланыс

Қазақ тілі, өзі-өзі тану.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Таныстырылым, бейнефильм.

Тілдік мақсаттар

Идеяларды байланыстыра алуға, мәтіндердегі көтерілген мәселені табуға, негізгі ойды анықтауға және оларды сипаттауға қабілетті болады.

Алдыңғы білім

 

Жоспар

Жоспарлана-тын уақыт

Сабақ барысы

Дереккөздер

 Сабақтың басы

 

 

2 минут

 

 

 

       1 минут

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу;

2.Психологиялық ахуал: «Өз-өзіңді таныстыр» ( өз атының бастапқы әрпінен басталатын сын есім мен өз атын тіркестіріп таныстырады. Мысалы: Шырайлы Шынар).

Ал енді бүгінгі сабағымыз қызықты, шырайлы, жайдарлы...өтсін. Мен сендерге  сәттілік тілеймін. Өздеріңді ұялмай,еркін ұстаңдар!

 

3.Ой қозғау.

Суреттер көрсетіледі.(Б.Соқпақбаевтың және Қожаның).

Мұғалім: Мына тұлғалар сендерге таныс па?

Екі тұлғаны  не байланыстырады?

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

 

 Атақтылар сөзі:

Мәңгі сені  жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.    М.Мақатаев. (Түсінік беру. Балалар бұл әйгілі М.Мақатаевтың сөзі, біз бұған сабақ соңында қайта оралу). Осы дәйексөз арқылы 2 топқа топтау. (Қызыл, көк түске бояп). Алтын ереже туралы айтып кету.

-Ал ендеше, балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы. Өзгеру ешқашан кеш емес.

 

4.Фильмнен үзінді көрсету.

-Қалай ойлайсыңдар Қожа сияқты кейіпкерлер қазіргі өмірде кездесе ме? Бүгінгі сабағымызда не үйренеміз - деп ойлайсыңдар?

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар, балалар!

 

Ал енді топтық жұмыс орындайық.

Екі топ тапсырмалар орындайды:

-Б.Соқпақбаев кейіпкерлеріне байланысты адами қасиеттерді іріктеп жазады.

1 топ: Қожаға байланысты қасеттерді.

2 топ: Сұлтанға байланысты қасиеттерді теріп жазады. (Адал, еңбекқор, өтірікші, ұқыпты, ақылды, сынып озаты, мейірімді т.б.)

Қ.Б. Қол шапалақ.

 

Сергіту сәті

     Денелеріңізді түзу ұстап, аяқ- қолды айқастырмай отыруларыңызды сұраймын. Қазір біз дем алу жаттығуларын жасаймыз. Біз дем алу жағдайымызға ден қойғанда, біздің ойымыз да тынышталады. Демді ішімізге тартқан кезде біз өзімізге тыныштық пен қуанышты ала кіремізде, дем шығарған кезде барлық  мазасыздықты  шығарамыз.

    Қане, дайындалайық. Көзімізді жұмып, арқамызды түзу ұстаймыз, қолды тіземізге қоюға болады.

Дем аламыз, дем шығарамыз......( 9- 10 рет, баяу).

1 слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнефильм

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Салыстыру »

Балалар біз қазір Қожаға ұқсас әлем кейіпкерімен танысамыз.

Марк Твеннің Том Сойер шығармасы.

Оқушыларға бейнеүзінді көрсетіп, сонымен қатар көмек ретінде ақпарат та тарату арқылы шығарманың қысқаша мазмұнымен танысуға мүмкіндік тудыру керек.

 

Марк Твеннің бұл шығармасы шамамен ХІХ ғасырдың отрасындағы бақытты боз балалық шақтарды елестетеді. Бұл шығарма басты кейіпкердің жас шамасын жасырып тұрғандығымен ерекшеленеді. Тентек Томның әр ісіне қарап кез келген оқырман оның жасын анықтауға тырысады. Көбісі оны 9-14 жас аралығында деп біледі.          Том Сойер апайы Поллидің қолында өседі. Ол Томның анасының сіңілісі. Том бұзықтық жасаған сайын апайының көзіне жас алғанын қаламайтын. Ол апайын қатты сыйлайтын. Полли апайы да оның бұзықтықтары үшін жазалағанымен, оның жүрегінде бір мейірім барын іштей сезетін,оған сенетін.            Жалпы айтқанда Томның өзіндік қызығушылығының, қайсарлығының арқасында, ол көптеген оқиғаларға тап болады. Тіпті, кісі өліміне де куә болады. Осы арқылы жазықсыз айыпталушыны жазадан аман алып қалады.           Томның арманы қарақшы болу. Ол өзінің жан досы Гекльберри Финмен болашақ қарақшылар  болуға бел байлайды. Бұл олар үшін үлкен құрмет, абырой болып көрінетін.            Бұл шығарманы оқи отырып  балалық шағыңызды еске түсіресіз, ой түйесіз, кейіпкермен бірге қобалжуды сезінесіз. Бұл шығарма ең бастысы шындыққа негізделген.

 

Әңгіме.

Бейнебаянды көрдік. Екі кейіпкерлермен таныстық. Екеуінің ұқсас жақтары да, айырмашылығы да бар. Енді оны

1 топ  Венн диаграммасына түсіреді,

2 топ Концептуалды кесте бойынша бейнелейді.

Бұл жерде сіздер кейіпкерлердің отбасылық жағдайларын, достарын, мінез-құлықтарына қарай талдаңдар!

 

 

1 топ. Венн диаграммасы.

 

 

 

 

 

 

2 топ.Концептуалды кесте:

 

Кейіпкерлерді талдау.

 

Қожа

Том

Отбасына байланысты

 

 

Достарына байланысты

 

 

Мінездеріне байланысты

 

 

Қоршаған ортаға байланысты

 

 

 

-Осы екі шығарма бойынша қандай адами қасиеттерді өз бойларына алатын едіңдер?

-Ал қандай әдеттерден аулақ болу керек?

Мектептегі, Отбасындағы өз парыздарыңды орындайсыңдар ма?

 

Бағалау дискрипторы:

Екі шығарманың ұқсастықтарын таба алады;

Айырмашылықтарын ажырата алады;

Кейіпкерлер әрекетіне сыни көзқараспен қарай алады;

 

Атақтылар сөзіне қайта оралу.

 

 

 

http://massaget.kz/blogs/baykau/15110/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

3 мин

Үй тапсырмасы.

Осы шығарма бойынша ұнатқан кейіпкерге хат жазу.

 

Қорытынды. Бүгінгі сабақта біз екі кейіпкерлерді салыстырдық, жаман және жақсы әдеттер туралы білдік.

Қалай ойлайсыңдар, сабақтың мақсатына жете алдық па? Сабақ мақсатына жеткеніміз қай жерде аңғарылады?

 

Рефлексия.

«Смайлик» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенің смайликтің суретін белгілеу арқылы көрсетеді. Кейбір оқушылар не үшін бұл смайликті таңдағаны туралы айта кетеді.

 

 

 

 

 

 Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бейнефильм көрсетер алдында және дәйек сөзді ұғындыруды қолдау көрсетіледі  

Бағалау дискрипторы,

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

Өзін-өзі тану пәнімен пәнаралық байланыс жүргізіледі.

Денсаулық сақтау технологиясы.

 

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта алды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

             

 

Просмотров: 568


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст