"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ертегі әлемі"

14.06.2019

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісін сахналау.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын арттыру.
Бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу
Автор сөзі: Ерте заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне:
Ата: Маған бауырсақ пісіріп берші,- дейді.
Апа: Неден пісіремін? Көп болды үйде ұн жоқ.
Ата: Әй кемпірім – ай! Сен қамбаны сыпырып қуыс – мүйісін қырна осылайша қалған – құтқан ұнды жина.
Автор сөзі: Бауырсақ тегіс, домалақ, сырты қызарыңқырап әдемі болып піседі.
Кемпір бауырсақты суытуға терезе алдын қояды. Бір өзі жатып–жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп әрі қарай домалай жөнеледі.
Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келіп оған қоян кездеседі.
Қоян айтады:
Бауырсақ, бауырсақ!
Мен сені жеймін!
Автор сөзі: Бауырсақ оған былай деп жауап береді:
Бауырсақ: Мен атамнан, әжемнен кеткен бауырсақпын, сенен қоян кетуге аса қулықтың қажеті жоқ!
Автор сөзі: Осылайша бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Қоян оны дұрыс қарап та үлгермей қалады.
Автор сөзі: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келеді.
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Қасқыр сен мені жеме
Оданда мені тыңда
Мен атамнан, әжемнен
Қояннан кеткен бауырсақпын
Мен қасқыр сенен де кетемін.
Автор сөзі: Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ орман ішімен
домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ: Жоқ, аю, сен мені жеме
Оданда мені тыңда
Мен атамнан, әжемнен
Қоянан, Қасқырдан
Кеткен бауырсақпын,
Аю сенен де кетемін.
Автор сөзі: Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ домалап келе жатса, алдынан түлкі шығып:
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ
Мен сені жеймін.
Бауырсақ: Түлкі сен менің не айтатынымды тыңда.
Автор созі: Оған қу түлкі былай дейді:
Түлкі: Мен сенің айтқанынды тыңдар едім, бірақ қазір қартайып құлағымның естуі нашарлап жүр, тұмсығыма отыр да, айта ғой!
Автор сөзі: Түлкінің тұмсығына отырып бауырсақ әңгімесін бастайды!
Бауырсақ: Мен атамнан да, әжемнен де, қояннан да, қасқырдан да, аюдан да құтылып кеткен бауырсақпын, түлкі енді сенен де кетемін!
Автор сөзі: Осыны айтып үлгергені сол – ақ екен түлкі ауызын ашып, тістерін ақситып, бауырсақты жұтып жібереді!
Осымен ертегі аяқталады да, рольдерде ойнаған балалар ортаға шығып бастарын изейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пухальск негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ертегі әлеміне»

                                                         Дайындаған: қазақ тілі және әдебиеті

                                                                   пәнінің мұғалімі Ахметжарова Г.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   2018-2019 оқу жылы

Просмотров: 506


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст