"Мемлекеттік тіл - менің тілім"
Бұл өмірде бір күн қонақ боламыз
Мүмкін елу мүмкін жүз жыл салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!
Мемлекеттік тіл - тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады.Тіл ұлтпен ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Мемлекеттік тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда.
Қазақ тілі - тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда тұратын оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтарының тілі. Әрине, әр тілді меңгеру, әр тілде сөйлеу әркімнің арманы. Жеті түрлі ілім біл, жеті елдің тілін біл деген. Біздің мектебіміз аралас мектеп болса да мемлекеттік тілге деген құрметі өте жоғары. Оның дәлелі "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы өзге ұлт оқушылары арасында мемлекеттік тілді меңгеруге арналған "Мемлекеттік тіл - менің тілім" аудандық және облыстық байқауында мектебіміздің 7 сынып оқушысы Сандурова Елнұр белсенді қатысып, "Мемлекеттік тіл - менің тілім" облыстық байқауында 15 қатысушылардың ішінен 3 жүлделі орынға ие болды. Байқау барысында Елнұр 4 кезеңнен сүрінбей өтті. «Сәлем берем, сәлем беру салтымыз» кезеңінде өзін-өзі таныстырып, өнерін көрсетті. «Ойдың көркі – тіл» кезеңінде берілген тақырыпқа байланысты сөйлеу мәнеріне сүйеніп әңгіме айтты. Үшінші «Сөз мәйегі» кезеңінде М.Шахановтың «Тіл – рухи күре тамыр, тілден үлкен ана жоқ» өлеңін жатқа оқыды. «Ұшқыр қалам» атты соңғы кезеңде берілген тақырыпқа диктант жазды. Сыйлық ретінде Елнұрға электронды оқулық берілді. Жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметжарова Гульден Базарбаевна «Білім басқармасы» басшысының атынан алғыс хатпен марапатталды.
Тіл туралы заңымыздың қағаз жүзінде қалмай, өмірінде нық қадам басып, ғұмыры ұзақ болуы үшін күресе білейік те намысты қолдан бермейік!