"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебінің оқушылары мектеп мұражайына экскурсия ретінде барды

17.04.2023

Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебінің оқушылары мектеп мұражайына экскурсия ретінде барды

 

Әскери-патриоттық жұмыс айлығы аясында 2023 жылдың 17 сәуірінде 2 сынып оқушыларына арналған мектеп мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, елдің ұлттық игілігіне баулу, атақты жерлестің өмірімен танысу. Оқушылар мұражайға қойылған жерлесіміздің жеке заттарымен  танысып, Малик Ғабдуллиннің өмірбаянынан қызықты фактілерді білді. Мәлік Ғабдуллин 1941-1945 жылдары Панфилов гвардиялық дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1942 жылдың қаңтар-наурыз айларында Новгород облысының Холм қаласының маңындағы шайқастарда Габдуллин фашистердің басым күштерімен шайқаста гранаталармен 2 танк қағып, көптеген фашистерді жойып, 12-сін тұтқындаған сарбаздар тобын басқарды. Габдуллин шайқаста жарақат алды. Бірақ соғыс  алаңынан шықпады. Бұл ерлігі үшін Малик Габдуллин КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 30 қаңтардағы Жарлығымен Ленин орденімен және "Алтын Жұлдыз" медалімен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Біз бүгін мұражайға келгенімізге қуаныштымыз! Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің жетістіктерін шын жүректен мақтан тұтамыз және ол туралы әрдайым есте сақтаймыз!",- деп мектеп оқушылары жылы лебізін білдірді.

 Мұражайға бару балаларға ұмытылмас әсер қалдырды.

 

 

 

                 Аға тәлімгер:         Водовозова Н. В.

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст