Текст
9 мамыр күні мектебімізде Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне оқушылар, ұстаздар қауымы, жергілікті тұрғындар және ауылдық округ әкімі жиналып, Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етті.
Шара аясында Мәлік Ғабдуллин ескерткіші мен белгісіз жауынгер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Біз ата-бабаларымыздың ерліктерін еске аламыз және мақтан тұтамыз! Әрқашан аспанымыз ашық болсын!