Өзін-өзі тану пәнінен сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы: «Кешірімді бала – кішіпейіл бала»
(«Өзін-өзі тану елінде» атты өзін-өзі тану әдістемелік апталығы)
2 сынып
Мақсаты: Оқушыларға кешірімді болу, кішіпейілділік ұғымы жайлы түсінік беріп, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Кішіпейілділік, кешірімділік ұғымы жайлы түсінік беру
- Оқушылырдың бойында кішіпейілділік, кешірімді болу дағдысын қалыптастыру.
- Оқушыларды кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу .
Қолданылатын құралдар: интерактивті тақта, парақшалар
Сабақ барысы
1. Шаттық шеңбер
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Адамдарға кешіріммен қарайтын
Жан жылуы жылылық боп тарайтын
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын
Бұл өлеңді оқу арқылы оқушы бойындағы кешірімді болу, кішіпейіл болу сияқты жақсы қасиеттерді қолдау, дәріптеу мақсаты көзделеді.
2. Әңгімелесу
Әңгімелесудің мақсаты — оқушылардың «кешірім сұрау», «кешіре білу», туралы ойларын тыңдап, адам өміріндегі мәнін түсіндіру. Балалардың достарымен, бауырларымен және жақын адамдарымен ренжіскен кезде қандай күйде болатынын олардың өздері айтқан ойларымен түйіндеп, адамдарды ренжітпеу керек екенін терең ұғынуына көмегін тигізеді.
3. Сабақтың дәйексөзі
«Кешірім – ізгіліктің белгісі».
Халық даналығы
4. Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқып беру. Тақырыптың мазмұнын ашатын сурақтар арқылы оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды таптырып, олардың құндылықты мәнін өз пікірлерімен пайымдату. Мәтіннің соңында берілген сұрақтар оқушылардың ойларын тұжырымдауға негіз болады.
«Құм мен тас»
Өсиет әңгіме
Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан тартып жіберді»
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді, батып кете жаздайды. Бірақ досы құтқарып қалады. Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай жазады «Бүгін мені ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тртып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:
-Мен сені ренжіткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге? –деп сұрайды.
Досы былай деп жауап береді:
-Бізді біреу ренжіткенде, жел оны өшіріп тастау үшін біз оны құмға жазуым керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпенді құмға, құанышынды тасқа қашап жазып үйрен.
Сұрақтар
5. Мұғалімнің сыйы
«Кешірім сұрау» мультфильмі.
6. Жаңа ақпарат
Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады. Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.
Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.
Кешірімді боламыз, (Өзін көрсетеді.)
Жұлдыздай боп жанамыз. (Қолын жоғары көтереді.)
Кішіпейіл боламыз, (Өзін көрсетеді.)
Құстай қанат қағамыз. (қолдарын жайып, қанат қағады.)
8. Ойын-жаттығу
«Күннің көзін бұлттан арылту»
(Алдын ала беті бұлтпен толық жабылған күннің макеті ілінеді. Бұлттың артқы бетіне сұрақтар жазылады. Ойынға шыққан оқушы кез келген бұлтты алып, сұраққа жауап береді. Барлық сұрақ алынып, сұраққа жауап беріліп біткенде күннің көзі бұлттан арылып, сәулесін шашады.)
1. Досыңды ренжіткен кезде қандай сезімде боласың?
2. Өз қателігіңді түсініп, одан кешірім сұраған кезде өзіңді қалай сезінесің ?
3.Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Кішіпейіл адамның қандай қасиеттер болады ?
5. Кешірім сұраудың достықты сақтап қалған кезі болады ма?
6. Жағдаяттарды талдау
— Аян асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті...
— Дәулет сабаққа кешігіп қалды...
— Саян сыныпта келе жатып Құралайдың партадаға заттарын шашып алды...
Балалар «Кімнен қалай кешірім сұрауға болады?» деген сұрақпен жағдаяттарды шешу арқылы, қай кезде болмасын дұрыс шешім қабылдай алу керектігін де түсінетін болады.
9.Шығармашылық тапсырма
«Досым көп болсын десең ...» тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар. Берілген сөздерден тиістісін теріп, желімдейді.
Кішіпейілділік, кешірімділік, мейірімділік, адалдық, түсінбеушілік, ұрысқақтық, сүйіспеншілік, жаман қасиеттер, әдептілік, ризашылық, ашуланшақтық, реніш, қуаныш.
10.Тыныштық сәті. Жағымды күйге келу
Тыныс алуға зейін қоямыз. Аяқ қолдарыңды айқастырмай, түзу отыруларыңды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде біз тынығамыз. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуанышты қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздің мазасыздығымызды сыртқа шығарамыз. Қане, дайындалайық, балалар! Көзді жұмамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Қолдарыңды тізеге қоюға болады. Тынысты ішке тартамыз, тынысты ішке шығарамыз. Осылай бірнеше рет жаттығу жасаймз.
11.Топпен ән айту
Достарым
Балалықтан бүлдіршін жыр жазайықшы
Анамызға шат күлкі тыңдатайықшы
Күй ойнасын кеудеде, көктемдей сезім
Қол ұстасып кел достар сырласайықты
Достарым, достарым
Әсем әнге бастадым
Көңіл қарлығаштарым
Достарым менің
Арманым, арманым
Әсем жырды арнадым
Жарқын ізгі жандарым
Менің достарым
Армандарға достарым шығайық бірге
Азаматқа ел қорғар ылайықпын де
Кең жазира мекенге еркелейікші
Көк шалғынға аунап, терейік гүлдер
12. Бекіту
Сонымен, балалар, кішіпейіл болу дегенді қалай түсіндіңдер?
Кешірімді болу өзімізге байланысты ма?
Туыстық, достық қасиеттерімізді сақтап қалу үшін біздің бойымызда қандай қасиеттер болу керек?
13. Досыңа тілек айт (бір-бірінің қөолын ұстап, нағыз досқа лайық болатын қасиеттерді айтады, соңында шеңбер құрылады)