"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі

25.11.2020

 

Мектеп: Мәлік Ғабдуллин НМ    Мерзiмі:23.11.20.                                                

Тақырып: Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі

Мұғалiм: Тасмагамбетова А. К.

Сынып  4А

Өзін – өзі тану сағатының мақсаты: «бақытты өмір» ұғымының мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету.

Өзін – өзі тану сағатының міндеттері:

• мұғалімнің ұсынған және оқушылардың өмірлік тәжірибесінен

алынған материалдарды талдау негізінде «бақытты өмір» ұғымының мәні мен мазмұнын ашу;

• шығармашылық және жобалық іс-әрекеттер барысында жеке өмірлік

ұстанымдарды көрсете білу қабілетін дамыту;

• адамдарға, табиғатқа қамқорлық жасау, әрекет ету кезінде

жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алу қажеттілігін тәрбиелеу.

Ресурстар :

Интербелсенді тақта, дәптер, дәйексөз, маркер, аққағаз, жүрекшелер.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, шаттық шеңберіне тұрып, есімдеріне сын есім қосып айтады.

2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

 «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

3.Дәйексөз. Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпынуы
Сұлтанмахмұт Торайғыров

Дәйексөзді қайталап, дәптерге жазу

4.Мұғалімнің сыйы. 4 мин. Мұғалім «Бақыт» атты аңыз әңгіме оқып береді.

Бір күні Бақыт орманда келе жатып байқаусызда шұңқырға құлап кеттіде жылай бастады.Жақын маңда адамның өтіп бара жатқан дыбысын естіген бақыт көмек сұрап айқайлайды: «Қайырымды адам!Менің мына жерден шығуыма көмектесші».

«Сен маған бұл үшін не бересің?»-деп сұрады адам.

«Сен не қалайсың?»-деп сұрады Бақыт.

«Мен теңізге қарап тұрған зәулім,қымбат үйім болғанын қалаймын»

Бақыт адамға үй берді,ал адам үйіне қарай жүгірдіде,Бақытты ұмытып кетті.Бақыт тағы шұңқыр ішінде жылап отырды.Тағыда жанынан екінші адам өтіп бара жатқанын естіп,айғай салды:

«Қайырымды адам!Менің мына жерден шығуыма көмектесші »

«Сен маған бұл үшін не бересің?»-деп сұрады адам.

«Сен не қалайсың?»-деп сұрады Бақыт.

«Мен бірнеше әдемі де қымбат машиналарым болғанын қалаймын»

Бақыт адамға қалағанын берді.Ал адам қатты қуанғаннан Бақытты ұмытып өз жөніне кетті.

Бақыттың үміті мүлдем үзілді.Кенет үшінші адамның аяқ басқаны естіліп,Бақыт айғай салды:

«Қайырымды адам! Мені мына жерден шығаршы!»

Адам Бақытты шығардыда өз жөніне кетті.Бақыт қатты қуанып,адамның артынан ілесті:

«Адам!Маған көмектескенің үшін не қалайсың?»

«Маған ештеңе керек емес»-деп жауап берді адам.

Содан бері Бақыт адамның артынан ешқашан қалмастан ілесіп келеді.

 

-Бақытқа жолыққан адамдар әрекетін қалай түсінесіңдер?

-Қай адам дұрыс істеді?

-Сен оның орнында болсаң не істер едің?

-Сонда бақыт не үшін қажет деп ойлайсың?

-Соңындағы «Бақыт адамның артынан ешқашан қалмастан ілесіп келеді» дегенді қалай түсіндіресің?

Иә,балалар,әрбір адам бақытты болуға лайықты,сондықтан өмірдің әр сәтін бағалап адал болсақ,бақытты бола аламыз,бақытты болған адам жаны тыныштыққа бөленеді.

5. Бейне ролик. «Бақытты отбасы үлгісі»

Аңыз әңгімені тыңдап, талдайды.

Жаңа ақпарат.

Ақиқат,Сүйіспеншілік,Дұрыс әрекет,Ішкі тыныштық,Қиянат жасамау барлық адам баласын біріктіретін, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге көмектесетін жалпыадамзаттық құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар уақытпен Өзгермейді және барлық адам баласы үшін аса маңызды.Өз бойындағы асыл қасиеттерді ашуға ұмтылыс адамды жақсарта түседі.Жақсы қасиеттеріңді тек жақсы іс –әрекеттер жасау арқылы дамыта аласыңдар.

 

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 10  мин.

 «Бақытты өмір» сөз тіркесіне кластер жасау және қорғау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындайды.

7.Топпен ән айту. 3 мин.

«Бала тілегі» Сөзі: С. Молдасанұлы, әні: Ф. Жолдасова

8. Пазылқан Дінмұхамет. «Ғажап пән»

Ерекше көңілмен ән айту.

9.Қорытынды. 2 мин

Адам бақыт үшін жаралған.Кісі бір-бірін жек көруден емес,жақсы көруден көркейеді,өрісі кеңейеді.Бұл-адамзаттың бақытының негізі.Бақыт деген-адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету.Бақыт-отбасыңмен,достарыңмен,жаныңдағы жақын адамдармен араласу.Бақыт-денсаулығыңның мықты болуы.Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төге білсе,нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығыда осы.Әр күннің нұрлы шуағында сезінсек,біз әрдайым бақытты болғанымыз.Әр адам бақытқа лайықты екендігін ұғынайық. Бақытты өмір сүрейік. Мен сендердің алдағы өмірлеріне тек сәттілік тілеймін. (әр оқушыға тілек жазылған жүрекшелер табыстайды) Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 532


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст