Қамқоршылық кеңес отырысының № 2хаттамасы
27.12.2022ж.
Қатысқандар: 6
Қатыспағандар:3
Күн тәртібінде:
1.Қамқоршылық кеңесінің құрамын қайта қарау
2.Бірінші жартыжылдықта көрсетілген демеушілік көмек есебі.
3.Әртүрлі
1.Өткен оқу жылдарында қамқоршылық кеңесінің мүшесі Бекенова Жаңыл Мырзатаевна жеке бас себептеріне, тұрғылықты орын ауыстыруына байланысты мүшеліктен бас тарту себебімен кеңес құрамынан шығарып, орнына осы ұйымға мүше болуға құқығы бар азамат таңдау ұсынылды. Кеңес мүшелері бір ауыздан қолдап, келісім берді және кеңеске мүше ретінде бірнеше тұлға қарастырылды. Олар: жеке кәсіпкер Мазбаев А.Е., жеке кәсіпкер Кабдулов Т.М., білім беру саласының ардагері Абдрахманова С.Т. Аталған азаматтарға кеңеске мүше болуға арнайы ұсыныс хат жолдау ұсынылды.
2. Оқу жылының бірінші жартыжылдығында мектепке көрсетілген демеушілік көмек туралы есеп берілді:
- Бақытжанұлы Бауыржан- 80.000 теңгеге спорттық бұйымдар( волейбол торы мен доп) және 110.000 теңге ақшалай берілді. Ақшаға тәуелсіздік күніне орай аумақтық мектептер арасында спорттық сайыс өткізіліп, сыйлықтар таратылды.
- Водко В.В. жаңа жыл мерекесіне балаларға 3,5 кг тәтті кәмпиттер берді.
- Мазбаев А.Е. жаңа жыл мерекесіне 15.000 тг сыйлады.
Мектеп директоры Надирова С.И. қамқоршылық кеңесі мүшелеріне бірлескен жұмыс үшін алғыс айтты.
Шешім қабылданды:
-Мазбаев Айбек Есымбекович және Кабдулов Талғат Молдашевичқа, Абдрахманова Станислава Тимофеевнаға ресми хат жолдау.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Корноушкина А.М.
Хатшы: Абишева А.Ш.