"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету

29.02.2024

2023 жылғы   «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

Зеренді ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – есеп) " Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі " КММ – де көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

Мемлекеттік қызметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі» КММ  5 қызмет түрін көрсетеді.

2023 жылы жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 22 , соның

ішінде:

 

№ р/с

Мемлекеттік қызмет атауы

Барлығы

1.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

13

2.

Жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды  ауыстыруға құжаттарды қабылдау

3

3.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға  құжаттарды қабылдау

0

4.

Құжаттарды  қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау

5

5.

Негізгіорта,жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

1

(қызмет қағаз және электронды түрінде тегін көрсетіледі) мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі)

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде толық ақпарат мектептің ғимаратында стендте жайғастырылған.

2023 жылы жиында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде тақырыптар талқыланды.

 Тұрақты негізде жауапты қызметкерлермен және мемлекеттік мекеме басшыларымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Қызмет алушылар тарапынан арыздар түскен жоқ.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі»КММ http://sc0058.zerenda.aqmoedu.kz/admin/content/news   сайтында және Instagram және Fecebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат. Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есеп сайтта " Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі " КММ – нің веб - порталында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл бойы 1 дөңгелек үстел өткізілді, мемлекеттік орган қызметкерлері халыққа сұранысқа ие қызмет көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізді. Мемлекеттік органның Fecebook БАҚ және әлеуметтік желілерінде жарияланды.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. Жергілікті атқарушы органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқуға қатысқандар– 0 қызметкер оқытылды: Техникалық оқу 2023 жылы өткізілген жоқ.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Бұзушылық анықталған жерде болған жоқ:

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері. Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау ісшараларының жоспары бекітілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 19:30
Құрылған күні: 16.08.2024 11:27

Текст