"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әңгіме-сабақ «Сүйіспеншілік - өмір негізі»

ыыыыыыыыыыыыыыыы

Тақырып:  Сүйіспеншілік - өмір негізі
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, аялау, жақсы көру                                                     

Сабақ мақсаты: оқушыларға қарым - қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру
Міндеттері:
• жақсы көру, сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
• сүйіспеншілікпен қарым - қатынас жасауға баулу;
• оқушыларды туған елін, жерін, ата - анасын сүюге және мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) суреттер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті:
Су асты патшалығына ойша саяхат.(Жайлы, баяу музыка қойылады)
Көзімізді жұмып және бірнеше рет терең тыныстап, денемізді бос ұстаймыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайлап отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. /бірнеше секунд үнсіздік/.
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орыңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
- Рахмет. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
Тыныштық сәті барысында толық тыныштық сәтін сезінді.

2. Дәйексөз:

 «Адамдардың ортасында жүріп бақытты болу дегеніміз-ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз».

     «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді» В. Белинский

3. Әңгімелеу(Мұғалімнің сыйы) «Ана  махаббаты» (аңыз әңгіме)
Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш уақытта еш нәрсе де қалтарыс қалмайды. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан - ана.
  Төле бидің алдына бір балаға таласқан екі әйел шешім сұрап келеді. Екеуі де «бала менікі» деп бет бақтырмайды. Біреуі «бұл баланы мен тудым, бесіктегі жатқан шағында ұрлап кеткен еді. Бұны пәлен жеріндегі алақандай қалынан таныдым» десе, екіншісі «Ұрлаған түгім жоқ, 9 ай көтеріп тапқан ұлым» десе керек. Сонда Төле би қолына қылыш алып «Бұл баланы екеуіңе қақ бөліп берейін» деп баланы қақ бөлмекші болады. Баланы 9 ай көтердім деген әйел бұл әрекетке міз бақпастан қарап тұрса, «ұрлатып алдым» деген әйел «Ойбай-ай, шаппаңыз! Қайда жүрсе де аман жүрсін!» деп жер тізерлеп отыра кетеді. Сөйтіп би баланы өз анасына қайтарып береді.

Сұрақтар:
1) Екі әйел Төле бидің алдына не үшін таласып келеді?
2) Төле би қолына қылыш алған кездегі мақсаты не еді?
3) Оқиғианың сонында не жеңеді?
Қорытынды: Байқадыңыздар ма, балалар, оқиғаның соңында әділдік риясыз махаббаттың жағына шықты. Өйткені риясыз сүйісеншілік қана барлығын жеңе алады.
4. Шығармашылық жұмыс
     Ана мен бала махаббатын бейнелейтін суреттерді жапсыру;

    Ана мен балаға арналған өлең жолдарын жазу.
Қорытынды:

Атақты орыс жазушысы М.Горькийдің «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған», — деуі шындықты айқындайды. Әрине сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады. Ата-ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, өмірдегі асыл қазынасы. «Қолда барда, алтынның қадірі жоқ» демекші, ата-ана ешқашан қайта келмес жандар. Ана мен әкенің бізге деген ыстық махаббаты шексіз. Ойлап қарасақ, саусақпен санарлық жандар анасына — құрмет, әкесіне — ізет білдіріп жатады. Бұған да шүкір! Бірақ біз қазақ деген бабаның киелі ұрпағымыз. Сол себепті әрқашанда ата-аналарыңды сыйлаңдар, өмір бақи аяулы алақандарыңда мәпелеп ұстаңдар.

•Осы ойымды салмақтай келе мына бір жайтты айта кеткім келіп отыр. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәлел болса керек.

•Ғалымдар адам аналарынан айырылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырау сүт шығатын денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесі жылы да жұмсақ етіп жасаған екен.

•Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдапты. Міне, бұдан түйеріміз, кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.

Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау – ең алдымен әке-шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Оған ер жетіп, отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Әрбір қиын істің шешімін ең алдымен ата-ана табады. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы. Ата-ана қандай жағдай болмасын, «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жандар. Олардың ешқашан жаманы болған емес.

  Осы шығармашылық жұмыс барысында біз шабыттана түстік. Өз арман-қиялымызды жарыққа шығара алдық. Ең бастысы біз бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен сыйластық таныта отырып, ортақ нәтиже шығара алдық. Ендеше әр күнде осы бір сүйіспеншілік сезімін жүрегімізде сақтап жүрейік.

5. Соңғы тыныштық сәті
Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Енді көздеріңді аша қойыңдар. Осымен біздін сабағымыз аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуаныш әкелсін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 19.03.2020 17:52
Құрылған күні: 19.03.2020 17:52

Текст