"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дос болуды үйренеміз» әңгіме-сабақ

4А сыныбы

Тақырып: «Дос болуды  үйренеміз»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, сенім, қамқорлық

Мақсаты: “Дос”, “достық” ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

 

  1.  Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін еске түсіріп айтып беру.

      Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
— Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
— Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.

 

Сұрақтар:

1.     Аю неліктен ауру адамға тимеді?

2.     Шындығында аю оған ақыл айттыма?

3.     Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?

4.     Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет ететін едіңдер?

 

Ойын

«Достық неден басталады,достыққа не жарасады»?

(Ойынды сигналды қима қағаздар арқылы ойнайды)

Шарты: Егер мен айтқан оймен келіссеңдер жасыл түсті көтереміз, егер келіспесеңдер сары түсті көтересіңдер.

-Достық танысудан бастала ма?

-Достыққа қамқорлық жараса ма?

-Достық төбелестен бастала ма?

-Достыққа мейірімділік жараса ма?

-Достық ренжісуден бастала ма?

-Достыққа адалдық жараса ма?

-Достыққа татулық жараса ма?

-Достық ұйымшылдықтан бастала ма?

-Достық бірліктен бастала ма?

 

«Құм мен тас» мәтінін ұсынамын

Екі дос шөл далада  саяхаттап жүреді. Біркезде  екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің  жағынан тартып жібереді.  Соңғысы ауырсынса да,  ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы  досым менің жағымнан шапалақпен  тартып жіберді».

 Олар әрі қарай жүріп  келе жатып, көлге кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені  суға секіріп кетеді де,  батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне  келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін  менің ең жақсы досым менің өмірімді  құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған  досы сұрайды:

-Мен сені ренжеткенде  сен құмға жаздың, ал енді тасқа  жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

Досы былай деп жауап береді:

-Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей  етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен, өйткені бұл дұрыс әрекет — мәңгілік құндылық.


-Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің? (Оқушылардың ойларын тыңдау.)

Сұрақтар: 

1.Досы неліктен ренжігенін құмға жазды?

2.Өмірін сақтап қалған кезде неліктен тасқа қашап жазды?

3.Өздерің өмірде осындай жағдайларды немесе осыған ұқсас оқиғаны кездестірдіңдер ме? Болса мысал келтіріңіз.

 

Шығармашылық жұмыс.

Берілген сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар

•      Адам-адамға дос, жолдас, бауыр.

•      Досы жақсының,өзі де жақсы.

•      Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын.

•      Дос-досқа айна.

•      Татулық - достық кепілі.

Дос қандай болу керек? Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсындар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер

Адалдық, қалтқысыз сену, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау, қарапайымдылық, мейірімділік.

Қорыту: Балалар, бір-бірімізге адал, жақсы дос болуға үйренейік.  Жүз теңгең болғанша жүз досың болсын демекші сендердің де адал достарың көп болсын. 

  

 

Жаңартылған күні: 14.02.2020 18:14
Құрылған күні: 14.02.2020 18:14

Текст