"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баяндама «Мәтін арқылы оқушылардың тілін дамыту»

14.06.2019

Баяндама

«Мәтін арқылы оқушылардың тілін дамыту»

 «Тілді оқытудағы ең басты мақсат – оқушыны сөйлеуге, яғни, айтар ойын жеткізе білуге үйрету».

Оқушыны сөйлету мәтін арқылы да жүзеге асырылады. Мәтін арқылы үйрету – оқытудың, тіл үйренудің ең тиімді жолдарының бірі. Мәтінді жан-жақты меңгеріп, жүйелі жұмыс жасаған оқушы өзінің сөйлеу тілін дамытады.

Сондықтан сабақта мәтін арқылы тілді дамыту үшін оқушылар берілген анықтамаларға сүйене отырып, тілдік ережелерді мәтінде, сұрақ – жауап ретіндегі әңгімеде қолдана, ажырата білуге үйреніп және дағдыланулары керек. Осы мақсатта мәтінге сүйене отырып түрлі сызба, кесте, жаттығуларды молырақ пайдаланып оған байланысты тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері мен жолдарын қарастырып отырамын.

Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

1. Дыбыстармен жұмыс;

2.Сөздіктермен жұмыс;

З.Сөздік қорларын жетілдіру;

4.тіл  дамыту;

5.Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

 1.1. Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1.Мәтінді оқығанға дейінгі кезең;

2.Мәтінмен жұмыс кезеңі;

3.Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;

1.0. Мәтін оқығанға дейінгі кезең мынадай бағытта жүргізіледі:

1 .Бірнеше бөлімге бөліп оқыту;

2.Бөлімдерге ат қою;

3. Негізгі, жаңама ойды таптыру;

4.Мәтін бойынша сұраққа жауап беру;

5.0кығанның мазмұнын айту;

6.Жоспар құру.

1.3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең:

7.Жағдаят шешу;

8.Пікірталас;

9.Мәтінге ат қою;

10. Диалог, ситуация құру;

11. Шығармашылық тапсырмалар орындау;

12. Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту.

Мәтінді оқудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолданамын:

1. Дауыстап оқыту арқылы оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі- оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.

2. Іштей оқу - бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беремін де, қай жерге дейін оқу керектігін белгілеймін. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Солай оқушылардың оқу шапшаңдықтарының мөлшерін өзіме белгілеп отырамын.

3.Араласып оқу, кезекпен оқу.

4.Буынға бөліп оқу.

5.Мәнерлеп оқу.

6.Сөйлемді мазмұнына, айтылуына қарай ырғағымен оқу.

Мәтін оқушыны оқуға үйретудің бір түрі,ол ойын,тілін дамытады,тәрбиелейді.Мәтін осы қызметтерді толық атқару үшін,оған төмендегі талаптар қойылады:

-Мәтін оқушының жас ерекшелігіне,түсінігіне сәйкес болуы керек.

-Мәтін әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне,біліміне,түсінігіне сай алынады.Осымен байланысты әр сыныпта оқылатын мәтін әр түрлі деңгейде болады.

-Мәтіннің мазмұны әр сыныпта оқушының білім деңгейіне,дүние танымына сай болуы қажет.Оқушыға таныс емес,оқушы түсінбейтіндей қиын мазмұнды мәтін алынбауы,оқуға берілмегені дұрыс.

-Мәтіндердің мазмұны оқушыны қызықтыратындай болуы қажет.

Оқушыны қызықтыратын мәтіндерді оқушы жақсы меңгереді.

-Мәтіндердің тәрбиелік мәні болуы керек.Оқушыны достыққа,бірлікке,адамгершілікке тәрбиелейтін мәтіндердің мәні күшті.

-Мәтіндер қазақ халқының мәдениетімен,әдет-ғұрыптармен, ұлттық мерекелер,жетістіктермен оқушыларды таныстыру қызмет атқарады.Ол халықты сыйлауға,тәрбиелеуге қажет.

Мәтінді оқып, танысқаннан кейінгі орындалатын жұмыстар: логикалық сұрақтар құрастыру,фонетикалық жаттығулар, сөйлем кұрау, мәтінге мәтін мазмұны негізін сақтай отырып, жоспар құру, мәтінге мазмұнына сай ат қою, диалог, жағдаят құру, мәтіннің мазмұнын құрылған жоспар бойынша айтып беру.

Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде саралау тәсілі қолданылса, жұмыс жүргізу жеңілдірек болады. Оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім деңгейлеріне қарай топтастырып, әр топқа сараланған тапсырма берген дұрыс.

Мысалы, мен өз тәжірибемнен бөлісер болсам, мәтіннен бірнеше сөйлем оқимын, сол сөйлемдердің ішінде мәтіннің мазмұнын білдіретін сөйлемдердің ретін балалар белгілеп шығады, мәтіннің мазмұнына келетін суреттер таңдап алып, соларды пайдалана отырып, мәтін құратамын.

Мәтін мазмұнымен толық таныспай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою дұрыс емес.

Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны дұрыс. Сондықтан мәтін таңдап аларда сыныптың деңгейі ескерілу қажет. Алдыңғы біліммен байланыстырып отыру керек. Бұл жерде алдыңғы білім дегеніміз – үй тапсырмасы емес, жалпы оқушылар алдыңғы сыныптарда өткен білімдеріне сүйене алулары керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады.

Мәтінмен жұмыс жүргізуде жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге алсақ, оқушылар мәтіндегі ойды, оқиғаны өз өмірімен ұштастыруы керек; оқылған мәтінге өз көзқарасын білдіре алуы тиіс; мәтінге әлеуметтік, тарихи, адамгершілік маңыздылығы жөнінен баға бере алуға бағыттауымыз қажет.

Сонымен қатар әр оқуышының психологиялық жағынан жас ерекшелігіне, тәжірибелеріне қарай өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың танымдық мәні зор.

Әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, профессор Ф.Оразбаева өзінің «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты зерттеу еңбегінде: «Мәтін – адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше, жинақталған пікірін, көзқарасын бір-бірімен ой жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез-келген кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді» – деп тұжырымдайды.

Зaмaнaуи оқу сaуaттылығы ұғымы түрлі мәтінді түсінумен aнықтaлaды. Сондықтaн жaңa жүйеде жұмыс жaсaйтын мектеп оқушылaрды түрлі мәтіндермен жұмыс жaсaуғa дaғдылaндыру керек: жaзбa мәтін, электронды мәтін, aудиомәтін. Шығaрмaшыл, құзіретті мұғaлімдер сaбaқты оқушылaрдың тaлaбынa сaй әзірлеуі шaрт. Мәтіндерді топтaстыруғa немесе белгілі бір тaқырыптaр бойыншa жіктеу өте күрделі. Оқушылaрдың сaуaттылығын aрттырудa оқыту үрдісіне жaңa технологияны пaйдaлaнудың нaқты белгілері көрсетіліп отыр. Зaмaнaуи оқыту үдерісіне сaй мұғaлім сaбaқтa тек бaғыт беруші, aл көрсетіліп отырғaн жұмыс жүйесінің әр компоненті оқушы aрқылы іске aсырылaтын және оқушының сaуaттылығын aрттыру мен дaмытуғa тікелей бaғыттaлғaн нaқты, нәтижесін берер жүйе деп сaнaймын.

 Қорыта келе айтарым, мәтін - байланысты сөйлеудің, тіл дамытудың үлгісі. Ал мәтін арқылы сөйлеуге үйрету, сөйлеу әрекетінің түрлерін үйрету арқылы ғана жүзеге асады. Олай болса, мәтін мен сөйлеу әрекетінің түрлерін - бөле қарауға келмейтін, өз қызметтерін бірлікте ғана атқара алатын бірліктер деп айтуға болады. Сондықтан да мәтін тілді оқыту жүйесіне лайықталып сұрыпталады. Сабақ үстінде оқытушы неғұрлым аз сөйлеп, оқушы сөзін көбірек тыңдаса, оқушылар өзбетімен сөйлеуге әрекеттенеді де, сөйлеу дәрежесі жоғарылайды дегім келеді.

 

 

          Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ахметжарова Г.Б.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.06.2019 16:05
Құрылған күні: 14.06.2019 16:13

Текст