"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын білім беру бағыттарының мазмұнына интеграциялау

 

 «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын

білім беру бағыттарының мазмұнына интеграциялау

 

Оспанова Баян Балташевна

Ақмола облысы Зеренді ауданы

«Мәлік Ғабдуллин негізгі мектебі» КММ

директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары

 

«Кімде кім мейірімділік ғылымын меңгермесе, кез-келген ғылым тек зиян әкеледі

М.Монтень

 

Бүгінгі күні, барлық ғасырлардағыдай, адам бойындағы рухани-адамгершілік тәрбиелілік аса жоғары бағаланады. Қазір қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстанның болашағы, оның жастары жайлы ойландырады.

Өскелең ұрпақтың тұлғалық әлеуетін барынша ашуға бағытталған ұлттық білім берудің басты мақсаты - рухани дамыған, адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеу. Азаматтылық, отансүйгіштік, шыдамдылық, басқалардың ар-намысы мен құқықтарын сыйлау, мейірімділік пен парасаттылық, жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстаным жаңа мыңжылдық азаматының басты белгілері болып табылады.

Тұлғаның жан-жақты әрі үйлесімді дамуына бағытталған рухани-адамгершілік білім беру Қазақстан Республикасында түрлі жолдармен жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі 2010 жылдан бастап оқыту мен білім берудің барлық сатыларының оқу жоспарларына еңгізілген «Өзін-өзі тану» пәні.

«Баланы жалпыадамзаттық құндылықтарға аптасына бір сағат ішінде үйрету мүмкін емес. Ол үшін баланың айналасы сол құндылықтарға сіңірілген болу керек» - деген жоба авторы С.А.Назарбаева.

Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбиенің жаңа сапалы сатысы – бұл мектептің бірыңғай білім беру кеңістігіне, оның іс-әрекетінің барлық түрлеріне және мектептің білім берудің дәстүрлі әдістемелеріне «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының интеграциялануы.

Білім министрлігінің «Оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» бағдарламасын интеграциялау бойынша пилоттық жобаны білім ұйымдарына енгізу туралы» №208 бұйрығының негізінде 2017 жылдың мамыр айынан бастап мектебіміз пилоттық жобаны енгізу бойынша жұмыс жасай бастады.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын оқу-тәрбие үрдерісіне ендіру – ол беріліп жатқан білімді жандандыру, рухани-адамгершілік мәнін анықтау, білімнің тұтастығы. Сүйіспеншілік, ақиқат, жан тыныштығы, қиянат жасамау және дұрыс қарым-қатынас сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар білім берудің өзекті түйіні болу керек.

Интеграциялаудың мақсаты – барлық пəндердің мазмұнына мəңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу.

Міндеттері: Ұлы ойшылдардың оқыту сөздерін түсіндіру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың мəнін ашу, жалпыадамзаттық құндылықтарды əрбір пəн мазмұнына біріктіру, пəн мұғалімдерін өз пəнін сүйіспеншілікпен оқытуға бағыттау.

 «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы – бұл бəрінен бұрын білімнің жаңаруы, кез келген пəннің тəрбиелік мəнін анықтауы. Бұл білім түрі –барлық пəндердің жалпыадамзаттық негізгі құндылықтарын біріктіру.

«Қалай интеграциялауға болады?» деген сауалға жауап іздер болсақ, бүгінгі білім беру жүйесінде рухани-адамгершілік бағдарламасын екі түрлі жолмен интеграциялауға болады:

1. Сыртқы интеграция – бұл өзін-өзі танудың əдістемелік тəсілдерін кез-келген сабақта қолдану (жағымды көңіл-күй, дəйексөздер, əңгімелеу, шығармашылық іс-əрекет, хормен əн айту, сабақтың қорытынды сəті).

2. Ішкі интеграция – бұл биологиялық жəне əлеуметтік табиғатқа ғана емес, сондай-ақ жоғары рухани табиғатқа да ие адам мен əлемнің тұтас түсінігіне негізделген интеграция. Бұдан шығатын тұтас білім адам тұлғасының барлық аспектілерін қозғайды – ақыл-ойдың, қол мен жүректің үйлесімді дамуы; теңдестірілген тұлғаны дамыту; адамға тəн адамгершілік-рухани қасиеттерді анықтау жəне оларды өмір тəжірибесіне енгізу. Басты мақсаты – ой, сөз жəне іс бірлігінде көрінетін мінезді тəрбиелеу. Жалпы кез келген пəнді оқыту барысында сол пəннің мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды қосып, жарыққа шығару. Мектеп ұстаздары гуманитарлық және математикалық пәндерде де бұл интеграцияның екі түрін қолданады.

«Өзін-өзі тану» пəні – өскелең ұрпаққа рухани жəне адамгершілік қасиеттерді үйрететін басты пəндердің бірі. Сабақтар ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс іс-əрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау сияқты жалпыадамзаттық бес құндылық арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар сабақ барысында берілген тапсырмалар арқылы бұл бес құндылықты ажырата алады. Олардың қасиеттерін дұрыс таңдай алады. Бұл құндылықтар жалпы білім беру жүйесінің кез келген сабақтарына кірістіріліп, білім алушыға алатын білімді меңгеруге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар дұрыс моральдық жəне адамгершілік ұстанымдары бар тұлғаны тəрбиелеуге көмектеседі. «Өзін-өзі тану – физика», «Өзін-өзі тану – тарих», «Өзін-өзі тану – биология» жəне т.б. интеграцияланған сабақтар оқылатын материалды түсінуге көмектеседі, оны түсіну үшін қолжетімді етеді. Сабақты интеграциялауда мұғалімдер ұлы адамдардың нақыл сөздерін, әңгімелер мен ұлы адамдардың өмірінен болған оқиғаларды айтып қолданады. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арта түседі.

Сабақта интеграцияның артықшылықтары:

− балаларды қоршаған əлем олардың əр алуандығы мен бірлігінде танылады;

− себеп-салдарлық байланыстарды ұғынуға жəне табуға ынталандыру;

  • логиканы, ойлауды, зейінді, есте сақтауды, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;

− салыстыру, жалпылау, қорытынды жасау біліктерін жетілдіру;

− оқушылардың назарын жоғары деңгейде ұстау;

− əртүрлі қызмет түрлеріне ауыстыру есебінен оқушылардың шаршауын алып тастау;

− танымдық қызығушылықты арттыру;

− өзін-өзі көрсету, мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігі.

«Өзін-өзі тану» пəнінен білім берудің оқу-тəрбие үдерісіне интеграциясы – бұл, ең алдымен, оқушылардың рухани-адамгершілік ұғымының мəнін анықтау. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс əрекет, қиянат жасамау сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар, тыныштық білім берудің фокустық нүктесі болуы тиіс, басқаша айтқанда, біз үйрететін барлық нəрсемен біртұтас тұтастықта құралуы тиіс. Әрине, өзін-өзі тануды басқа пəндермен интеграциялау пəн мұғалімдеріне қиындық туғызады. Бірақ қазіргі заманғы ғылымды дамыту барысында адамзатты сыртқы əлем құрылымы мен адамның ішкі əлемі, оның ойлары, сөздері, істері арасындағы тығыз өзара байланыстың болуын түсінуге əкеледі. Интеграцияның нəтижелі болуы мұғалімнің дүниетанымына тікелей байланысты. Өз пəніне жəне балаларға деген сүйіспеншілік, мұғалімнің ашық жүрегі, жаңа нəрсеге деген қызығушылық, өзінің шынайы табиғатын жетілдіруге жəне тануға ұмтылу – өз пəні мен «Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялаудың қажетті алғышарттары болып табылады. Мұғалімдердің өз пәндерінде интеграцияны тиімді қолдану олардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша курс өткендігі өте жақсы әсер етті. Бүгінгі күні мектеп ұжымының 80%-ы курстан өткен. Сонымен бірге мұғалімдердің «Өзін-өзі тану» пәні саласындағы білімдерін кеңейту үшін мектепте педагогикалық ұжымға арналған дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылады.

Білім өмір үшін болуы керек. Бүгін білім берудің екі аспектісін үйлесімді дамыту қажет – интеллектуалдық (сыртқы, ақылға арналған білім) жəне адамгершілік-рухани (ішкі, жүрек үшін білім). Білім мен өмірді бір тамаша үйлесімге біріктіру қажет. Қазіргі сабақтың мақсаты позитивті ойлай білетін, өзін-өзі тануға ұмтылатын, жауапкершілік сезіміне ие, үнемі өзгеріп отыратын əлемге шыдамды жəне оны рухани байытуға қабілетті адамды тəрбиелеу болып табылады. Осының негізінде біз оқушылардың жобалармен айналысуына бағыт береміз. Оқушылар «Менің ағашым менімен бірге өседі», «Менің гүлденген мектебім» т.б. бар ықыластарын салып, қызыға қатысты.

«Өзін-өзі тану» пəні білім беру бағыттарының мазмұнына интеграциялауы не береді? Интеграцияның негізгі мақсаты: мектеп бағдарламасының əртүрлі пəндерінің тығыз өзара əрекеттесуі арқылы əлеуметтік-құндылық, адамгершілік-психологиялық, əлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, психофизикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Шынымен де, осындай сабақтарда білім алушылардың көңілдері көтеріліп, пәнге деген қызығушылықтары артады. Әрине, алғашқы жылы интеграцияланған сабақтарды өткізгенде оқушыларға қиын түсетін еді. Олар көбінесе құндылықтарды аша алмай қиналғанын да атап өту қажет.

Ең бастысы, пəнді оқыту емес, пəндік білім беру арқылы рухани-адамгершілік дамуы. Ғалымның іс-тəжірибесін көре келе, нағыз ізгіліктің нұрын шашатын мұғалім қандай болуы керек екеніне енді көзіміз жетті. Болашақ мұғалім мамандығын таңдаған жастарымыз ұлы педагогикалық жолда табысқа жеткен тəжірибелі ұстаздар мен ізгілік педагогикасын жасаушы ғалымдардың еңбектерімен жақынырақ танысу арқылы да рухани-адамгершілік білім беру жолдарымен толық танысуға мүмкіндік алады.

Мектеп мұғалімдерінің өз пәнін интеграциялау жолдары: ұлы ғалымдардың өмірінен жəне ғылымның даму тарихынан шабыттандыратын мысалдар; қазіргі ғылымның ашылуымен танысу; әрбір оқу пəнінің мазмұнында жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау. «Өзін-өзі тану» пəні мен гуманитарлық пəндердің интеграциясы оқу пəндерін жанды сезімдермен толтырумен сипатталады, өйткені берілген құрғақ ақпараттың орны бейнелік біліммен ауыстырылуы қажет. Басты мақсат өсіп келе жатқан тұлғаның адамгершілік тұрғыдан дамуы, пəнді үйрету ғана емес, өз тəрбиесін жетілдіру болып табылады. Адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының пəндерге интеграциялануы – бұл мектеп білімін жандандыру, рухани құндылықтар мен бірлік пен əр алуандықтың көрінісі негізінде пəндерді біріктіру, яғни біз үйрететін нəрсемен біртұтас бүтін құруымыз керек.

 «Өзін-өзі тану» пəнін гуманитарлық пəндермен интеграциялау сабақта ашылатын тақырыпта адамгершілік көзқарасты тереңдетуді, құнды құрамдауыштың мəнінің өсуін болжайды. Гуманитарлық пəндер мазмұны оқушылардың ішкі дүниесінің қалыптасуына əсер етеді. Білім берудің гуманитарлық циклі оқу пəндерінің өзара байланысты үш бағытын қамтиды: лингвистикалық, эстетикалық жəне қоғамдық-тарихи. «Өзін-өзі тану» пəні мен лингвистикалық цикл пəндерінің интеграциясы оқушылардың тілін байытуға, өз ойларын ауызша жəне жазбаша түрде жеткізе білуге мүмкіндік беретін пəндердің тілдік тұжырымдамасын көздейді. Арнайы таңдалған шығарма тақырыптары, диктант мəтіндері, оқу мен пайымдауға арналған мəтіндерді таңдау құндылық мəнге жəне рухани-адамгершілік бағытқа ие. «Өзін-өзі тану» пəні мен эстетикалық цикл пəндерінің интеграциясы көркемдік талғамды, эстетикалық қажеттілікті дамытады, оқушыға өзін-өзі танытуға мүмкіндік береді. Әлемді эмоциялық қабылдау интеллектуалды, бұл эстетикалық цикл пəндерін маңызды етеді. Осындай пəндер арқылы оқушылар əр түрлі халықтардың мəдениетімен, дəстүрлерімен танысады, өз еліне, табиғатына, қоғамға құрметпен қарауды үйретеді. Таным процесі шығармашылық, практикалық қызметте жүзеге асырылады. «Өзін-өзі тану» пəні мен қоғамдық-тарихи цикл пəндерінің интеграциясы оқушылардың бойында ұлттық жəне жалпы мəдени құндылықтарға, ел тарихына құрметпен қарауды, дүниетаным мен құқықтық мəдениеттің негіздерін қалауды, азаматтылық пен патриотизмге тəрбиелеуді қалыптастырады. Жеке адамның өмірі мемлекеттің өмірімен байланысты екенін көруге мүмкіндік береді. Тек оң мысалдар ғана емес, оқушыларды теріс фактілермен таныстыру керек. Өйткені адамгершілік сабақтары осындай жағдайлардан да алуға болады. Оқушылар фактілер мен күндерді үйреніп қана қоймай, қоғамдық-тарихи цикл пəндерін зерттеу арқылы құндылықтарды аша білуі тиіс. Жоғарыда атап көрсетілген жұмыс түрлері пән мұғалімдерінің абақтарында қолданылады және де бүгінгі күндері іске сәтті асырылуда.

Сабақтағы тақырыпқа лайықты оқиғаны таңдай отырып, мұғалім бірқатар əдістемелік жағдаяттарды ескеруі керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қызықты оқиғалар таңдалады. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары үшін оқиға ұзақ болмайды жəне олардың мазмұны оқушылардың өмірлік тəжірибесіне сай болып таңдалады. Ұлы ғалымдардың өмірінен жəне ғылымның даму тарихынан шабыттандыратын мысалдар немесе қызықты оқиғалар келтіру, əңгімелеу – рухани-адамгершілік білім мен өзін-өзі тану интеграциясының тамаша үлгісі.

Кей пəндердегі интеграция түрінен мысалдар келтіріп кететін болсақ,

1-сынып. Математика. Тақырыбы: х + 20 = 40 теңдеуін шешу

Қорытынды: Өмірде де белгісіз, түсініксіз жағдайлар кездеседі, одан қорқудың қажеті жоқ, егер белгілі бір бағытты ұстанса, əрдайым жолды табуға болады.

7-сынып. География. Тақырыбы: Мұхиттағы өмір Мұхиттағы өмірдің таралуы географиялық ендік пен тереңдікке байланысты. Төменгі температура мен ұзын полярлық түннің салдарынан полярлық учаскелердің суы жануарларға кедей. Жылы кезеңде екі жарты шарда да қалыпты белдеулердің суларында тірі организмдер жақсы дамиды.

Қорытынды: Жүрек суық болған сайын, адам да соғұрлым қоғамнан алшақ, яғни достары аз. Біз қоршаған ортаға жылуды неғұрлым көп берсек, соғұрлым жылы шуағымызды таратып, жан-жағымызға жиналушылар көп болады.

Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі – оқушылармен жүйелі түрде сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру. Сыныптан тыс іс-шаралардың негізгі ұйымдастырушысы – мұғалім, сынып жетекшісі, пəн мұғалімдері, ата-аналар. Міндеті – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді жəне саналы азаматтары етіп тəрбиелеуге ықпал жасау. Ол оқушылар үшін тəлімгер жəне шабыт көзі болып адами құндылықтар негізінде өмірде кездесетін кез-келген жағдайларды адамгершілікпен шеше білуге көмектеседі. Айтылған сөз ісəрекет арқылы орындалып, əңгіме моральды-адамгершілік тақырыбында жүргізіліп отырса, онда айтылған тəрбиелі сөздер бала санасында өшпей, есінде қалады. Өз «менін» бекітуге, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға, көшбасшылық іскерліктерін шыңдауға т.б. мүмкіндік береді.

Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тəрбиелеудегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаттары: − оқушыларды саналы тəртіпке жəне адамгершілік мəдениетке тəрбиелеу; − оқушылардың сөйлеу мəдениетін, логикалық ойлауын дамыту; − оқушылардың практикалық дағдалары мен білімдерін кеңейту; − оқушылардың мəдениетті болуына, əрі қарай дамуына көмектесу; − еңбексүйгіштікке жəне ұйымшылдыққа тəрбиелеу; − үлкенді жəне кішіні сыйлау, құрметтеу адамгершілік құнды қасиеттерін дамыту.

Жалпы, үш жылдың ішінде оқушылар да, мұғалімдер тарапынан да өзгерістер байқалады. Оқушылар интеграцияланған сабақта бес құндылықтарды жақсы ажыратып, олардың қасиеттерін нақты анықтай ала бастады. Бұл құндылықтарды өз өмірлерімен байланыстырып, адамгершілік қасиеттерге тереңірек назар аудара бастады. Сонымен бірге балалар мектептегі тәрбиелік акцияларға, сахналауларға белсенді қатысады.  Әрине, жоба басталмай тұрып мұндай іс-шаралар мектепте өткізілмеді деп ойламауыңыз керек. Мектеп үшін экологиялық сенбіліктер, еріктілер акциясы, этикет ережелерін сақтауға арналған іс-шаралар, ұлттық мерекелер, өлкетану жұмыстары бұрыннан келе жатқан дәстүрге айналды. Бірақ бағдарламаның енгізілуімен мұндай іс-шаралар ерекше рухани мәнге ие бола бастады. Оқушылар бірте-бірте өз әрекеттерінде басқаша, терең мағынаны көруге үйренеді. Көшеттер отырғызу кезінде жасөспірімдер қоршаған ортаны жақсартуға қатысып қана қоймай, қоғамға риясыз қызмет етудің маңыздылығын түсінеді. Өзін-өзі танудың білім беру циклі пәндеріндегі интеграциясы балаларға өмірмен тікелей байланысты көруге көмектеседі.

 «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының авторы С.А. Назарбаева осындай мәселелерді пайымдау барысында былай деп жазды: «Ғасырлар тоғысында біз ойда-жоқта тәрбиенің басты мақсаты - бала компьютер тетіктерін басып, ағылшынша былдырлап сөйлей білсе жеткілікті деп шештік. Міне, ол дап-дайын - жаңа формация адамы! Ал сол баланың мейірімділік пен зұлымдықтың айырмашылығын ажырата алмайтыны, жақынының ауыртпалығын бөліспейтіні бізді ойландырмайды да... Мен балалардың жастайынан салауатты және бақытты болу өнерін меңгергенін, өмір даналығын бойына сіңіріп, адамзатқа риясыз қызмет ету арқылы бақытқа бөленуді үйреніп өскенін қалаймын. Өздерінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын терең түсінуі керек. Әр адамның өзін-өзі тануы қажет».

Халқымыздың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтына қызмет ететін болғандықтан, тәрбиеші баланы өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиелеу керек» деген қанатты сөзі бір ғасыр уақыт өтсе де өз мәнін жойған жоқ. Қазір жаһандану мәселесі тұрғанда ұлттық тәрбиенің баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеуде маңызы зор деп есептеймін. Сондықтан ұстаз да өткен тарихтан сабақ ала отырып, оқушы жүрегіне жол таба алса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Өмір әдебі» С.А.Назарбаева
  2. «Өзін-өзі тану» әдістемелік құралдары
  3. Б.М.Жамекова, К.С.Мукушева, Н.Ж.Омарова, Б.Қ.Тоқажанова: ««Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын білім беру саласына интеграцияэ\лау жөніндегі нұсқаулық»
Жаңартылған күні: 18.05.2020 15:25
Құрылған күні: 18.05.2020 15:25

Текст