Педагогтің аты-жөні: |
Тасмагамбетова Айнаш Кайрбаевна |
Мектеп:Мәлік Ғабдуллин НОМ |
|||
Күні:24.09.21. |
21- сабақ. пәні: әліппе. |
||||
Сынып:1 |
Қатысушылар саны:5 |
Қатыспағандар саны:0 |
|||
Сабақтың тақырыбы Құндылық: Қасиеттері: |
Н дыбысы және әрпі
сүйіспеншілік қайырымдылық, қамқорлық,мейірімділік |
||||
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер |
Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады. Дамытушылық: сөздік қоры байиды; сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады. Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың кезеңі/уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы (1–7 мин) |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал орнату. «Сыйлық» ойыны арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару. |
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне сыйлық жасайды. Кезекпен пантомимо арқылы сыйлағысы келген затты бейнелеп, оң жағындағы парталасына сыйлайды. Ал парталасы оның сыйлығын табуы қажет. |
|
|
|
Сабақтың ортасы (26 мин) |
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Н» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар. |
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды. |
Қолдау |
Суреттер, оқулық
Сызба |
|
![]() |
|
«Н н» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар. «Н н» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы. 1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:
Сұрақтар: - Анасы дастарқанға не қойды? -Неліктен дастарқанға бірінші нан қоямыз? -Нан дастарханға қайдан келеді? -Анасына таңғы ас үшін не айтты? Неге?
Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрату.Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.
|
|
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру. |
Қарындаштар Сызба, оқулық
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы |
![]() |
|
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. Оқылым.
Алан, нан ал. Аруна, анар ал.
Жазылым
|
«бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
«науа», «ну», «нар», «анар», «Алан» сөздерінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды:
«жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!». |
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Мақтау, қолдау |
Оқулық
Жазу дәптері |
![]() |
Сабақтың соңы (7 мин) |
Бекіту және саралау Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
Дыбыс сызбасы қай сурет атауына сәйкес келетінін тап.
«Н н» дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықта.
Ат, айна, моншақ сөздерімен сөйлем құра.
Қорытынды: Үнтаспадан мақалды тыңдату. - «Ас атасы - нан» мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? - Нан дастарқанға келу үшін кімдер қандай еңбек жасайды деп ойлайсыңдар? |
Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды:
сөздерімен сөйлем құрайды.
«ас» сөзінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.
|
|
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы
Әліппе. Үнтаспа. «Атамұра», 2020 |
|
Рефлексия |
Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді. |
|
Рефлексия тақтайшасы |
|
|
|
|